Шыңғырлауда заманауи үлгідегі жаңа теміржол вокзалы ашылды

Аймақтар
07.07.2026, 12:17
Сурет: gov.kz

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында заманауи талаптарға сай бой көтерген жаңа теміржол вокзалы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

БҚО әкімдігінің мәліметінше, нысанның ашылу рәсіміне жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Бастапқыда Шыңғырлау стансасындағы ескі вокзалды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған еді, бірақ ғимараттың әбден тозуына байланысты оны толықтай сүріп, орнына қысқа мерзімде заманауи нысан салу жөнінде шешім қабылданды.

Шыңғырлау — халықаралық теміржол дәлізі бойында орналасқан маңызды стансалардың бірі. Сондықтан жаңа ғимараттың ішкі жабдықталуына ерекше мән берілген. Мұнда кең күту залы, билет кассалары, қызметтік бөлмелер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы орындар қарастырылған.

Облыс басшысы Нариман Төреғалиев өз сөзінде жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуімен тұрғындарды құттықтап, бұл қадам Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес екенін атап өтті. Сондай-ақ ол вокзал маңындағы ескі су мұнарасын жөндеп, аумақты одан әрі абаттандыруды тапсырды.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша 124 теміржол бекеті қайта жаңғыртудан өтіп жатыр, сондай-ақ 650-ден астам жолаушы вагоны жаңартылды. Батыс Қазақстан облысында осы уақытқа дейін Орал қаласының, Тасқала ауданының және Ақсай қаласындағы «Қазақстан» теміржол вокзалдары толық жаңартылып, қолданысқа берілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БҚО-да 419 мыңнан астам жолаушы теміржол қызметін пайдаланып, 5 миллион тонна жүк тасымалданған.

Өңір басшысы көлік инфрақұрылымын заман талабына сай жаңарту мемлекет саясатының маңызды бағыты екенін ерекше атап өтті.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады