Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Аймақтар
14.07.2026, 11:50
Оқуға 1 мин

Қостанай қаласындағы жыл сайын 1 мыңнан астам жүргізушіні даярлайтын «Вираж Авто-2012» автомектебінде теміржолшылар теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселесіне арналған профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның республикалық «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Дәрісті Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Тугамбаев өткізді. Ол тыңдаушыларға теміржол өткелдерінен қауіпсіз өту қағидаларын түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салды, сондай-ақ Жол қозғалысы қағидаларын сақтамаудың салдарынан орын алған нақты оқиғаларды мысалға келтірді. Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Қостанай магистральдық желі бөлімшесінде мұндай профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2026 жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен бірлесіп 105 профилактикалық рейд ұйымдастырылып, олардың барысында 2 370 жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, автокөлік кәсіпорындарында қауіпсіздік мәселелеріне арналған 10 кездесу өткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол өткелдерінен өту қағидаларын қатаң сақтау – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі екенін еске салады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды