Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті

Аймақтар
24.07.2026, 09:15
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастамасымен қалалық патрульдік полиция мен көліктегі полиция бөлімінің қатысуымен Тараз қаласындағы көлік ағыны жоғары теміржол өткелдерінде бірлескен рейд ұйымдастырылды. Кезекті профилактикалық іс-шара темір жолдағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткішін азайтуға бағытталған.

Шөлдала мен Құмшағал тұрғын алабының арасын жалғап жатқан күзетілетін теміржол өткелі – күндіз-түні автокөлік ағыны толастамайтын қауіпті аймақтың бірі. Шығыс пен батыстан жүк және жолаушылар пойыздары қатар келіп қалғанда ұзын-сонар көлік кептелісі түзіледі. Мұндайда жүргізушілер арасында жабық тұрған шлагбаумға қарамай, өткелді кесіп өтуге асығатындар аз емес.  

– «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен акцияға құқық қорғау саласының мамандарымен бірге, Түлкібас жол дистанциясының бас инженері Шәмшидин Дадабаев, техник-маман Фариза Исабекова қатысты. Рейд кезінде автокөлік иелерімен қатар, өткел кезекшісіне де қауіпсіздік талаптарын түсіндірдік. Ақпараттық түсіндірме қағаздарын тараттық. Жеңіл автокөлік иелерінің жол ережелерін сақтамауының салдарынан теміржол өткелдерінде тіркелген жол-көлік оқиғалары орын алуда. Бүгінге дейін жалпы ел аумағында жиырма шақты осындай факт тіркелген. Жамбыл өңірінде машинистердің қырағылығының арқасында 13 соқтығысудың алдын алуға мүмкіндік болды, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Ғалымбек Батырбеков.  

Айтуынша, Тараз – Құмшағал, Тараз – Талас, Тараз – Бурыл өткелдерінде автокөлік ағыны өте жоғары. Жеңіл машиналардан басқа бұл жақта қоғамдық көліктер көп қатынайды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамайтындар қатарында бір-бірімен жарысып жүретін автобустар да бар. Ішінде қанша жолаушы бар. Өкінішке орай, жауапкершілікті түсіне бермейтін жүргізушілер де аз емес көрінеді.  

Рейд кезінде жол ережелері шлагбаум жабылған сәттегі іс-әрекет алгоритмі, тоқтау сызығының талаптарын бұзып, екінші жолаққа шығып кеткен автокөлік жүргізушілері де кездесті. Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Сералы Кембаев жолаушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, ескерту жасады.  

– Жалпы теміржол саласында еңбек етіп келе жатқаныма төрт жылдай болды. Өткел кезекшісі болып ауысқаныма бір жыл толды. Бүгінгі іс-шара кезінде кішігірім сынақ тапсырдым десем болады. Пойыз келе жатқанда шлагбаум жабу, сигналдық белгілерді қосу, рұқсат беру белгісі кезіндегі қозғалыс тәртібі қандай болуы керек, талаптар мен ережелерді егжей-тегжей түсіндірді, – деді Құмшағал өткелінің кезекшісі Самат Әмірбаев.  

Өткелдегі жол қозғалысы талаптарын сақтау – екі тарапқа да ортақ міндет. Ал өткел кезекшісі сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін де естен шығармауы тиіс.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті