Екібастұзда RWS KZ холдингінің ұйымдастыруымен Көлік қызметкерлері күніне арналған жыл сайынғы дәстүрлі мерекелік шара үшінші рет өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл шара көлік саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандарға — инженерлерге, технологтарға және еңбек әулеттерінің өкілдеріне арналған.
Ауқымды мерекелік концерт 1 тамыз күні сағат 18:00-де «Өнер» қалалық мәдениет сарайының алдында басталады.
Кеште «Руки вверх», «Ирина Кайратовна» топтары мен Бауыржан Исаев өнер көрсетеді. Ал мерекелік бағдарламаны «Спарта» КВН командасы жүргізеді.
Айта кетейік, бұл шараға өткен жылы 20 000-нан астам көрермен жиналған болатын.