Түбекке танымал тұлға

Аймақтар
31.07.2026, 13:14
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбекте туып-өскен кейіпкеріміз еңбек жолын темір жолдың ең ауыр жұмысынан бастаған. Ауыр құрал-саймандарын арқалап табанынан таусыла жүріп жол жөндеуші болып бастаған жұмысы қазір өз жемісін беріп отыр.

Маңғыстау темір жолында Нұрлыбай Қисаевты танымайтын жан жоқ шығар. Қырық жылдан бері осы саланың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жол маманы. 1986 жылы 2-разрядты жол жөндеуші болып жұмысқа кірген кезі күні кеше сияқты еді, көзді ашып жұмғанша уақыт шіркін өте шығыпты. Білімін жетілдіріп, сатылай өсіп, дистанцияда жол шеберіне дейін барлық лауазымды атқарды. Әрі қарай Маңғыстау бөлімшесінің дефектоскопия бойынша жетекші инженері, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер, жол дистанциясы бас инженері, дистанция директорының азаматтық құрылыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. 2024 жылдан бері Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жол бөлімін басқарады.

Оның қатысуымен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде жағдайын жақсарту, санитарлық-тұрмыстық жағдайын нормаларға сәйкестендіру бағытында түрлі мәселелер шешімін тауып келеді. 2009-2013 жылдар аралығында Маңғыстау жол дистанциясы директорының азаматтық құрылыстар жөніндегі орынбасары болып жүріп «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа теміржол желісін салу кезінде құрылыс нысандарын қабылдауға белсене атсалысып, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Жол бөлімінің бастығы қызметінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын өз деңгейінде үйлестіріп, бұл тұрғыда да өз қолтаңбасын қалдырып отырған маман ретінде мойындалған. Бүгінде ПЧ-12 Бейнеу, ПЧ-13 Маңғыстау қызметкерлерімен бірлесе отырып, Бейнеу станциясындағы №5,7 бекеттерде, Шетпе, Маңғыстау станцияларының жолдарына күшейтілген-орташа жөндеу жүргізуге, сондай-ақ Маңғыстау – Бейнеу, Бейнеу – Оазис учаскелерінде күрделі жөндеу кезінде түйіссіз жолдарды төсеу мен күтіп ұстауға күш салуда. Түбек теміржолының үстімен пойыздардың тоқтаусыз, қауіпсіз жүруіне жағдай жасап, жолдардың сапасын арттыру бағытында қызмет етуде.

Нұрекеңнің жары Баян Қисаеваның да салада 36 жылдық еңбек өтілі бар маман. Екеуі теміржолшы кәсібінің қызығы мен шыжығын бірге тартып келеді. Ұлы мен келіні медицина қызметкерлері, «жедел жәрдем» қызметінде еңбек етеді. Ұлы Тимур Қисаев Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған фельдшер. 2024 жылы Әзербайжан ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырағанда қирап жатқан әуе кемесіндегі адамдарды құтқаруға алғашқылардың бірі болып барып көмек көрсеткен ерлігі үшін аталған марапатқа ие болған. Қызы Мөлдір теміржолда есепші. Екеуі де үйлі-баранды, ата-аналарының мақтанышы. Әке үшін осыдан асқан бақыт бар ма?!

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды