Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды

Аймақтар
04.08.2026, 09:31
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Биыл Сарышаған станциясы кәсіби мерекені ерекше форматта атап өтті. Теміржолшылар күні қарсаңында вокзал маңында «Теміржол саябағы» ашылып, еліміздегі алғашқы электровоз ескерткіші орнатылды.

Шу – Мойынты телімінің құрылысы іске қосылғаннан кейін іргесі қаланған Сарышаған станциясы – Балқаш көлінің жағасында, Бетпақдала даласында орналасқан, Арқа мен Жетісуды байланыстырып жатқан теміржолшылар мекені.  

Мерекеге орай өткізілген салтанатты іс-шараға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив шаруашылығы департаментінің директоры Константин Цой, «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Асқар Жексенбаев, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов және Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген сала ардагерлері қатысты.  

Жиында теміржолшыларды кәсіби мерекесімен, Ақтоғай ауданының жұртшылығын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтаған Константин Сергеевич бұл жаңалық Сарышаған кенті үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.  

Ал Асқар Төреханұлы Сарышаған учаскесінің, филиалдың құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің аймақ теміржолын дамытуға үлкен үлес қосып отырғанына тоқталып, жергілікті теміржолшылар мен аудан жұртшылығына ізгі тілегін жеткізді.  

Мерекелік салтанатты жиында теміржол саласының қызметкерлері мен саябақ құрылысына атсалысқан азаматтарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырылып, сый-құрмет көрсетілді.  

Сарышаған кентінен «Теміржол саябағын» ашу туралы идеяны көтеріп, игі іске бастамашы болған – салада 50 жыл еңбек еткен Құрметті теміржолшы, «Даңқ» орденінің иегері, есімі «Алтын кітапқа» енген Кендай Ахметов екенін атап өту керек.  

– Бұл игі іс – өткенге тағзым, еңбек адамдарына құрмет, келешек ұрпаққа аманат. Теміржолшылардың ерен еңбектерінің тарихқа айналған сәті. Себебі бүгін тек электровоз монументі ғана қойылған жоқ, вокзал маңындағы жаңа саябақ ашылды. Онда осы Сарышаған кентінде шойын жолда шыңдалып, саланың дамуына үлес қосқан сала ардагерлерінің есімдері жазылған ескерткіш тақталар қойылды, – дейді Кендай Төлеуханұлы.  

Теміржолшылар саябағының аумағы кең. Кіреберісіне Сарышағандағы Жамбыл филиалына қарасты құрылымдық бөлімшелердің тарихы жазылған ақпараттық тақталар орнатылған. Ал электровоз монументінің алдында және жанында ескерткіш тақталар қойылған. Онда «Мойынты – Сарышаған» желісінің кернеуін іске қосқан кезекші механик Күлән Ахметова, екіншісінде осыдан 41 жыл бұрын Сарышаған станциясына алғашқы электровозды жеткізген машинистер Игенбек Асылбеков, Аманбай Қайырбаев, көмекші машинист Ибрагим Дүйсембаевтар есімі жазылған. Тағы бір тақта саланы дамытуға өлшеусіз үлес қосқан Құрметті теміржолшыларға арналған.  

Қос мерекеге орай темір жолдың құрылымдық бөлімшелері Сарышаған станциясы алдында ақшаңқан киіз үйлер тігіп, қонақтарға арнап ақ дастархан жайды. Бұл күні Сарышаған темір жолының бойын қуанышты көңіл күй, әуелеген сазды ән тербеп тұрды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті