Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды

Аймақтар
04.08.2026, 09:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында Көлік қызметкерлері күніне арналған «Өмір жолым – темір жол!» атты мерекелік жиын өтті. Жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің әкімшілігі ғимаратында ұйымдастырылған салтанатты шара барысында өңір теміржолшыларының мерейі артып, түрлі марапатқа ие болды.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қарақат Жақанов бастап, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Ерназар Ізтұрғанов, Бас ревизор Болат Дүйсалиев, Орталық кәсіподақтың өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов теміржолшыларды төл мерекемен құттықтады. Сала дамуы жолында аянбай тер төгіп жүрген жандарға мерекелік марапаттар табыс етілді.  

ЖТ бөлімшесі бойынша Маңғыстау локомотив депосының цех комитеті төрағасы Әбілсейіт Набиханов, Жаңаөзен айналым депосының техникалық қауіпсіздік инженері Бауыржан Қойлыбаев «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алды. ЖТ бөлімшесі өндірістік бөлім басшысы Салима Мамаева «Кәсібі бойынша үздік», Бейнеу ст. вагон қараушы-жөндеушісі Бақытжан Сүгірбай «Үздік вагоншы», Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинисі Сисен Абилжанов «Үздік машинист», Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинисі Қайсар Азаматов «Үздік теміржолшы» атанды.  

Магистральдық желі бөлімшесінің құрамына кіретін мекемелердің қызметкерлері де марапаттан кенде болмады. «Құрметті теміржолшылар» қатары екі адамға толықты. Электрмен жабдықтау дистанциясының электрмонтері Агыс Нурмамедов пен НЖС-14 Жол бөлімінің басшысы Нұрлыбай Қисаев «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін тақты. Нұрлыбай Қисаев марапатын Астана қаласынан алып қайтты. Белгі беру және байланыс дистанциясының телім басшысы Ақтау Бабақұлов пен Қозғалыс шаруашылығы зейнеткері Сансызбай Есенгелді «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медалін алды.  

Белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары Сағадат Кульшиковқа «Адал еңбегі үшін», аға электрмеханик Берік Селбаевқа «Кәсібі бойынша үздік», Боранкұл ст. кезекшісі Рүстем Лұкманов пен Маңғыстау ст. пойыз құрастырушысы Нұрсұлтан Кенжетаевқа «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», Сайөтес электрмен жабдықтау ауданының бастығы Ғинаят Арықбаевқа «Үздік энергетик», Бейнеу ст. ТҚКП вагон қараушысы Бақытжан Сүгірбайға «Үздік вагоншы», НЖС-14 Материалдық қамту бөлімі басшысының орынбасары Сағынбек Арзыбекке «Үздік жас маман» төсбелгілері табысталды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті