«Ахау Семей» шырқалған күн...

Аймақтар
04.08.2026, 09:48
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар үшін биылғы теміржолшылар күні мерекелік көңіл күйге толы болды.

Семей ЖТ филиалының басшысы Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов және «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтар сөз алып, барша жиналған көпшілік алдында құттықтау лебіз білдірді.  

Әрине, мерекелік жиын барысында төл мерекеге орай еңбекте жетістікке жеткен көптеген теміржолшылар марапатталды. Әсіресе ерен еңбегі еленіп, «Құрметті теміржолшы» атанған Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының электрмеханигі әрі осы өңірдегі Жүзағаш станциясының бастығы қызметін қоса атқаратын Мұрат Хаджиакпаровтың есімін ерекше атай кету ләзім.  

Сондай-ақ тағы бірқатар абырой иелері «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ марапатына ие болды. Олардың қатарында қоғамдық іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов «Қызметке адалдығы үшін» атты төсбелгісін салтанатты түрде өңіріне тақты. Саланың дамуына зор үлес қосып келе жатқан желі бойындағы қызметкерлер де марапаттан тыс қалмады. Көптеген теміржолшылар Абай облысы әкімінің алғыс хатын иеленді.  

Мерекелік бағдарлама барысындағы ән мен жыр салтанатты жиынның ажарын айшықтай түсті. Әсіресе тарихи қаланың гимніне айналған «Ахау Семей» әнін әуелете шырқаған әнші көпшіліктің ризашылығына бөленді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті