Боранды бекеттің бас қақпасы

Аймақтар
04.08.2026, 11:10
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әйгілі шығармаға арқау болған Боранды бекеттегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында өткен вокзалдың ашылу салтанатында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Асқар Жексенбиев жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанын айтып өтті. Жобаны іске асыру шеңберінде Боранды вокзалында шатырды монтаждау, ғимараттың сырты мен ішін әрлеу, кәрізбен, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлік желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жолаушылар платформасы реконструкцияланды. Ғимарат толықтай жаңа жиһаз және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жаңарту кезінде қазақстандық өндірістің берік материалдары пайдаланылды.  

Көпшілік көріп, куә болғанындай, күту залдары мен қызмет көрсету аймақтары заманауи талапқа сай жабдықталған. Тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен емізулі баласы бар аналарға да арнайы бөлме қарастырылыпты.  

– Қыс айларындағы боранды күндерде халықаралық дәліз жабылып қалғанда құтқарушылар бригадасы жолда қалған жолаушыларды Боранды вокзалына тасып, пойызға отырғызып жібереді. Сол кезде ескі ғимарат тарлық ететін. Енді міне нысан аумағы кеңейіп, қайта жаңғыртылып, талапқа сай жабдықталып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып отыр, – дейді Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза.

1905 жылы салынған Боранды теміржол вокзалы қайта жаңғыртылғаннан кейінгі жалпы ауданы 309,65 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай курорты, Павлодар, Семей, Петропавл, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Шымкент және Қызылорда қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясына 20 жолаушылар пойызы қатынайды. Енді мұнда тәулігіне 50-ден астам жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік туды.  

Вокзалды жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жайлы және қауіпсіз орта құруға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңартылған вокзал көлік инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді және Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті