Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылды

Аймақтар
10.08.2026, 11:17
Оқуға 3 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС  басшылығы бірінші кезекте персоналдың еңбек жағдайын жасауға басымдық береді. Жыл басында барлық аймақ, соның ішінде Тараз филиалының жұмыс паркі 7 Toyota Hilux автокөлігімен жаңартылса, енді міне күзет қызметкерлері жаңа үлгідегі формалық киіммен толық қамтылып отыр.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының  директоры Еркін Мүсілімов әртүрлі ауа райы жағдайына ыңғайлы тігілген қызметтік формалар топтамасын тапсыру үшін жерасты теміржол туннелін күзетуді қамтамасыз ететін Маймақ қызметтік командасына барды. Өңірдегі көлік қатынасы мен жүк тасымалын қамтамасыз етіп отырған жерасты инфрақұрылым нысанына жеткенше, Еркін Түгелбайұлын әңгімеге тартып, филиалдардың материалдық базасын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бастамалардың жалпы құрамның жұмыс процесіне қалай әсер етіп жатқанын сұрадық.

– Қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайын жасауға «ӘТЖК» ЖШС Бас директоры Нұржан Әлкеев ерекше көңіл бөлуде. Өздеріңізге белгілі, наурыз айында біздің филиалға жеті жаңа Toyota Hilux автокөлігі беріліп, оны атқыштар командаларына тапсырған болатынбыз. Қызметтік автокөлік паркін заманауи әрі жайлы, жол талғамайтын көлікпен қамтамасыз ету – әскерилендірілген теміржол күзеті қызметіндегі еңбек жағдайларын жақсарту үшін қаншалықты керек болса, әртүрлі ауа райына ыңғайлы тігілген қызметтік форма да дәл сондай қажет.

Осы мақсатта қазір барлық филиал жаңа үлгідегі формалық киіммен толық қамтамасыз етіліп, әскерилендірілген теміржол күзеті қызметінің корпоративтік логотипі жаңартылды. Жаңа киім үлгілері жеткізушімен келісімшарт жасалғанға дейін бірнеше рет тексеріліп, әртүрлі климаттық жағдайларда төзімділігін сынақтан өткізу мақсатында филиалдарға жіберілді. Өнімнің сапасына ерекше назар аударылды. Бұл жұмыстарды орталық аппараттың материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары ғана емес, Бас директор жеке бақылауында ұстады, – дейді филиал директоры Еркін Мүсілімов.

Жалпы Тараз филиалында жүктелген міндеттерді орындау, сондай-ақ қызметкерлердің өз міндеттерін сапалы орындауға деген жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыратынына талай рет куә болдық. Учаскелердегі ғимараттарды ағымдағы жөндеу, аулаларын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын атқыштар командалары өздері орындайды. Мысалы, біз келген Маймақ жерасты туннелін күзететін команда сапындағы 19 күзетші қызметтік ғимаратқа өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіпті.

– 2023 жылғы 1 маусымда «Мусахан» жеке күзет ұйымынан «Туннель» нысанын қабылдап алғанда ғимарат өте нашар жағдайда болды. Аумағын шөп басып, ғимарат тозып кеткен. Ұжымның өз күшімен ғимаратқа жөндеу жасалып, аумаққа бөгде адамдардың кіруін шектеу үшін темір қақпа орнатылды. Сенбіліктер ұйымдастырылып, аумақ толық тазартылып, абаттандырылды. Түрлі ағаш отырғызылып, ғимарат алдына құлпынай егілді. Қазір ол жыл сайын өнім беруде. Осындай жұмыстар барлық қызметтік командаларда жүргізілуде. Айталық, Түрксіб қызметтік командасы ғимарат ауласына толықтай тас төсесе, Таразда қызметкерлер өз күшімен спорт алаңын жаңартты. Шу қызметтік командасы кеңсеге косметикалық жөндеу жүргізіп, жылыту қазандығын ауыстырды, – деді  Еркін Түгелбайұлы.

Жері ойлы-қырлы, ауа райы құбылмалы келетін таулы аймақтағы күзетшілер үшін мұндай киім үлгісі дер кезінде жеткен игілік болды. Себебі біз келгенде бұл жақта салқын самал есіп, себелеп жаңбыр жауып жатты. Күзетшілер кеше қатты жел тұрғанын айтты. Тәуліктік ауысымға түскен жерасты теміржол туннелі күзетін қамтамасыз ететін күзетшілер жаңа киім формасын киіп, сапқа тұрды.  

– Біз жаңа киім формасының алғашқы үлгілерін киіп, жұмыс барысында төзімділігін сынап көргенбіз. Бұрынғы киім үлгісімен салыстырсақ, әртүрлі ауа райы жағдайына қолайлы, – деді су жаңа форма киген қатардағы күзетші Талғат Әбілеков.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды