Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап

Аймақтар
10.08.2026, 12:56
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол өткелдерінде қауіпсіздік профилактикасы бойынша өтіп жатқан акцияға үн қосуда.   

Жоспарлы жұмыстар аясында кезекті акцияны Дегелең – Жаңа-Семей теліміндегі 656-шақырымдағы жол өткелі бойында Семей жол дистанциясының ұжымы ұйымдастырып өткізді. Жалпы, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаев басқаратын ПЧ-39 мекемесі желі бойындағы қауіпсіздік шараларына жиі ұйытқы болуда. Десек те, бұл жолғы акцияның ауқымы кең болды. Бас инженері Мырзабек Керейбаев бастаған жолшылар жол өткелі бойында арнайы ақпараттық парақшалар үлестіріп, жүргізушілер қауымы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақсат – теміржол өткелінің қауіпті аймаққа жататынын және көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің желі бойындағы міндеттерін жеткізу болатын. 

– Теміржол бойындағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау қауіпсіздік кепілі екендігі белгілі. Ал қауіпсіздік – баршаға ортақ талап. Осы орайда ұлттық компания бойынша өткізіліп жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық алдын алу акциясына атсалысудамыз. Іс-шара барысында жүргіншілерге теміржол мен өткелдерден өту кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салдық. Әсіресе жол белгілерінің, бағдаршамдар мен дыбыстық сигналдардың талаптарын сақтауға, сондай-ақ жолдардың тек белгіленген жерлерден өтуіне ерекше назар аударылды. Сол тәрізді жүргізушілер сауалына да жауап бердік, – дейді Мырзабек Мырзатайұлы. 

Жалпы, акция аясында 278 тұрғын мен 123 автокөлік жүргізушілеріне жадынамалар таратылған. Осыған дейін рейд Аягөз өңірінде өткізілсе, алдағы уақыттарда Белағаш, Семей және Дегелең станцияларына қарасты теміржол өткелдерінде ұйымдастырылатын болады. 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты