Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда

Аймақтар
13.08.2026, 10:42
Оқуға 2 мин
Сурет: әкімдіктен

Абай облысында 10 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында Абай облысындағы 10 вокзал жаңартылады.

Маусым айында Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш станцияларындағы вокзалдар күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Нысандарда вокзал аумағы кеңейтіліп, перрондар жаңартылды. Сонымен қатар іргелес аумақтар абаттандырылды.

Қазір қалған сегіз вокзалда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес Үшбиік, Дегелең, Жалаңашкөл, Шар және Жарма вокзалдарын тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделген. Ақтоғай, Аягөз және Семей вокзалдарындағы жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Аягөзде ескі вокзал ғимараты толық бұзылып, оның орнына аумағы 1367,65 шаршы метр болатын жаңа нысан салынуда.

Ал Семей қаласындағы халықаралық теміржол вокзалының аумағы 3037,9 шаршы метрден 4905,05 шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Соның нәтижесінде вокзалдың тәуліктік өткізу қабілеті 1619 жолаушыдан 3156 жолаушыға дейін артады.

Жобаға облыс әкімінің ұсынысымен конкорстық өткел де енгізілген. Қазір оның құрылысы басталды.

Кеңес барысында Берік Уәли теміржол инфрақұрылымын жаңғырту халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруда маңызды екенін атап өтті.

«Теміржол саласын дамыту, вокзалдарды заманауи талаптарға сай жаңғырту – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлердегі теміржол вокзалдары кезең-кезеңімен жаңғыртылып, халықтың барлық санатына тең дәрежеде қолжетімді, заманауи әрі жайлы инфрақұрылым қалыптастырылады», – деді облыс әкімі.

Жиын соңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалымен бірлесіп құрылыс қарқынын жеделдету, жұмыс күшін тиімді ұйымдастыру және барлық нысанды бекітілген мерзімде аяқтау тапсырылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды