Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда

Аймақтар
25.08.2026, 09:45
Оқуға 4 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жиырма мың шақырымға жуық созылып жатқан Қазақстан темір жолының өн бойында оны күтіп-баптап, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп отырған 47 жол дистанциясы бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Құлсары жол дистанциясы үздік атанып, ауыспалы туды жеңіп алды.

Бұл – әрине ең алдымен жолшылар ұжымының қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігінің айқын нәтижесі. Құлсары жол дистанциясының бастығы Нариман Байбосыновтың айтуынша, соңғы жылдары дистанцияда жол шаруашылығының сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жасалыпты. Егер 2024 жылы мобильді диагностика құралдарының қорытындысы бойынша жолдың балдық көрсеткіші 39 балл болса, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 13 балға дейін жақсартылды.  

Дистанцияның 11 желілік айналымы мен бірнеше цехтары және механикалық шеберханалары бар. Қызмет көрсету аумағында төрт желілік станция мен жеті бөліктік пункт, 1 класты Құлсары станциясы, 11 теміржол көпірі, 18 теміржол өткелі, жүзге жуық темірбетон тұрбалар бар. Соңғы екі жыл ішінде теміржол бойында 100 шақырымнан астам мал өтпейтін қоршау салынды. 2024 жылы – 32 шақырым, 2025 жылы 64 шақырым қоршау пайдалануға берілді. Жолдың техникалық жай-күйін жақсарту мақсатында 2025 жылы 26 шақырым жол жөнделді. 2026 жылы тағы 30 шақырым жолға күрделі жөндеу жоспарланған. Осылайша екі жылдың ішінде 56 шақырым теміржол күрделі жөндеумен қамтылуда. Сонымен қатар бағыттамалы бұрмалар да жыл сайын жаңаруда. 2024 жылы – 10, 2025 жылы 10 жаңа бағыт тамалы бұрма төселді. Құлсары станциясында бұрын пайдаланудан шығарылған №47 және №48 созылмалы жолдар толық қалпына келтіріліп, қайта іске қосылды. Бұл станцияның өткізу қабілетін арттырып, маневрлік жұмыстардың тиімділігін жоғарылатты.  

– Өндірістік ғимараттарды жаңарту бағытында Боранқұл станциясындағы табельдік ғимарат жөнделіп, Құлсары станциясындағы қазандық ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Шоқпартоғай өндірістік учаскесінде сумен жабдықтау жүйесі тартылып, жаңа трансформатор орнатылды. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасуда. 2024 жылы жол монтерлерін тасымалдауға арналған екі жаңа вахталық автокөлік алынып, автомотриса күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар жолдың жоғарғы құрылымының материалдарын тасымалдауға арналған 8 платформа толық жөнделді. 2025 жылы Құлсары станциясы мен Майкөмген разъезіне жол монтерлеріне арналған екі жаңа модуль орнатылды. Шағын механизация құралдары жыл сайын толық жөндеуден өткізіліп, олардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде. Осының барлығы – өндірістегі тәртіп пен жауапкершіліктің нәтижесі. Есепті кезеңде барлық жоспарлар толық орындалды, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін бүлінулерге жол берілген жоқ, барлық айлықтар уақытылы өткізіліп, өндірістік жарақат алу жағдайлары тіркелген жоқ, – деп мәлімет берді дистанция бастығы Нариман Байбосынов.  

Дистанция бастығының айтуынша, Құлсары жол дистанциясының табысты жұмысының артында тәжірибелі өндірістік учаске басшыларының қажырлы еңбегі тұр. №1 өндірістік жол учаскесінің бастығы Нұрлан Кемалов – жоғары талап қоя білетін, тәртіп пен жауапкершілікті бірінші орынға қоятын басшы. Өндірістегі барлық тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындап келеді. Учаскедегі жағдайды толық бақылауда ұстап, кез келген мәселе бойынша нақты ақпаратқа ие болуы – оның басты ерекшелігі. Соның нәтижесінде №1 учаске жыл сайын үздік өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Сол секілді №2 өндірістік жол учаскесінің бастығы Оразай Жалмұханов та еңбек жолында күрделі сынақтардан өткен тәжірибелі басшы. Ол басқарған учаскеде ағаш негіздегі жолдар басым болды және күрделі жөндеу жұмыстары бірнеше мәрте кейінге шегерілгеніне қарамастан, жолдың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ете білді.  

Мобильді диагностика құралдарының көрсеткіштері бойынша жолдың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап, ауытқуларға жол берген жоқ. Осындай жауапкершіліктің арқасында оның учаскесі үздік көрсеткіштердің қатарынан көрінді. Ал №3 өндірістік жол учаскесінің бастығы Аманжол Төреахметов – жас болса да тәжірибесі мол, еңбекпен шыңдалған басшы. Кеше ғана өндірістік айналымның жол шебері болып еңбек еткен маман бүгінде учаске басшысы ретінде өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындауда. №4 өндірістік жол учаскесінің бастығы Жайсамбек Қойбағаров – теміржол саласының мол тәжірибесі мен терең білімін бойына жинаған білікті маман. Ол өз жұмысын сөзбен емес, нақты нәтижемен дәлелдеуді жөн көреді. Күрделі өндірістік мәселелерді жедел шешіп қана қоймай, басқа өндірістік учаскелерге де үнемі көмек көрсетеді. Әріптестері оны сауатты, тәжірибелі әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде жоғары бағалайды.  

– Бұл төрт учаске басшысы тәуліктің қай мезгілі болмасын өндірістегі жағдайға жауап беруге дайын. Әрқайсысы өз учаскесінің ғана емес, бүкіл Құлсары жол дистанциясының нәтижесі үшін жанашырлықпен еңбек етеді. Оларды бір сөзбен айтқанда – өз ісінің патриоттары деуге болады, – дейді үздік жолшылар ұжымының басшысы.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды