Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде

Аймақтар
22.09.2026, 09:17
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар биылғы күзгі көмір тасымалы бойынша бекітілген жоспарлы іс-шараларды орындауда жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Бірінші кезекте облыс көлеміндегі 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын толық көлемде кестеге сай жүргізуде.

Жалпы, Семей ЖТ бөлімшесі филиалының логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының есебі бойынша тек бір ғана Абай облысына биылғы жылыту маусымына 1,27 млн тонна көмір қажет екен. Оның шамамен 567 мың тоннасы жеке сектордағы тұрғындардың қажеттілігіне жұмсалады. Осы орайда өткен жұма 18 қыркүйек күнгі көрсеткіш бойынша аймақтағы барлық жылумен қамту көздеріне 40 мың тоннадан астам көмір жеткізіліпті. Бұл дегеніміз белгіленген нормативтік қордан 1,6 есе артық көрсеткіш деген сөз.  

Қазіргі таңда қатты отынды тұрақты әрі уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында «Қаражыра» АҚ, «ҚТЖ-ҰК» АҚ Семей ЖТ филиалы жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп көмір жеткізудің тиісті кестесін бекіткен болатын. Соның аясында бүгінде облыс көлемінде жеке сектор мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды көмірмен қамтамасыз ететін 40 өңірлік оператор тұрақты түрде жұмыс істейді. Бүгінде көмір тасымалы бойынша ешқандай кідіру, ал қатты отынды сатып алу ісінде қарбалас жоқ.  

Облыста 49 орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі және 330 автономды қазандық жұмыс атқарады. Бұл ретте орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздері үшін отынның нормативтік қоры 25 мың тоннаны құрайды екен. Көмір қорын толықтырып отыру белгіленген жоспарға сай жүргізілуде.  

Қазіргі уақытта жылумен жабдықтау көздеріне, сондай-ақ аймақ тұрғындарына көмір жеткізу жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Отын бекітілген кестеге сәйкес жеткізілуде. Яғни әрбір теміржол тұйығына тәулігіне орта есеппен 9 вагон көмір әкелінеді екен. Ал отын қорының нормативтік деңгейден төмендеуіне жол бермеу басты мәселелер қатарында, тұрақты бақылауда тұр.

Семей ЖТ бөлімшесі филиалы директорының жүк және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ердәулет Төлековтің айтуынша, қазіргі күні әр тәулік сайын орта есеппен 350 вагон көмір тиелінеді.  

– Бүгінде көмір тасымалы бойынша бірінші кезекте Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарына айрықша басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар облыс әкімдіктері, «Қаражыра» АҚ және Семей теміржолы арасында көмір жеткізу мерзімдерін қысқарту туралы өзара келісім бар. Жұмыс барысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда «Қаражыра» АҚ тәулігіне ең кемі 350 вагон көмір тиеуді қамтамасыз етіп отыр, – дейді Ердәулет Мырзақанұлы.  

Жалпы, күзгі көмір тасымалы барысы бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың айрықша назарында тұр. Бұл тараптағы атқарылып жатқан жоспарлы іс-шаралар қыркүйектің 29-на дейін жалғасатын күзгі комиссиялық байқауда да бірінші кезектегі мәселелер қатарында қаралуда. Әсіресе ауыр салмақты жылжымалы құрамдар құрастырылатын Дегелең және көмір тиелген вагондарды сұрыптау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілетін Семей мен Жаңа-Семей сынды тораптық жүк станцияларындағы өндірістік процестерге айрықша басымдық беріліп отыр.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды