Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Аймақтар
26.09.2026, 09:05
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ЭЧ-21 – Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлері Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Өндірістік-тәжірибелік сабақ форматында өткен кездесуде Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері Нұржан Атыхаев, еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігінің жетекші инженері Бахтыгүл Арқабай еңбекті қорғау мәселесінің маңызына тоқталып, темір жолда орын алған жазатайым оқиғалар бойынша талдау жүргізді. Әсіресе шойын жол бойындағы контактілі желіге жақындамау керектігін ескертті.  

Бас инженер Нұржан Көшкінбекұлы болашақ сала мамандарына қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Ең бірінші кезекте контактілі желінің тіректеріне және металл конструкцияларға шығуға қатаң тыйым салынатынын еске салды. Жерде жатқан немесе салбырап тұрған электр сымдарына 2 метрден артық жақын келуге және оларды ұстауға, контактілі желінің қауіпті аймағына кіретіндіктен, жүк вагондарының немесе цистерналардың төбесіне шығуға болмайтынын түсіндірді.  

– Қауіп аяқ астында, байқаусызда жерде жатқан сымды басып кетіп, ол тоқ көзінен ажыратылмаған, үзілген электр сымы болуы мүмкін. Сондықтан темір жол сынды қауіпті аймақта ақырын жүріп, анық басқан абзал, – деді бас инженер.  

Өз кезегінде Бахтыгүл Тұрарқызы өндірістегі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру жолдарына, жас мамандар есте сақтауы тиіс ережелерге тоқталды.  

Сондай-ақ мамандар студенттерге теміржол бойында тәртіп бұзып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің салдары заңда көзделгендей, алдымен ескерту жасауға, соңынан әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын жеткізді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды