Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?

Аймақтар
29.09.2026, 10:09
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – бірінші кезектегі міндет. Алайда, үнемі қозғалыстағы салада қауіпсіздік сақтала бермейді, әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Өңірдегі қауіпсіздік ревизорлары жұмысының негізгі бағыты – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатердің алдын алу.

Атырау теміржолында бұл салада аймақтық бас ревизор мен бес салалық ревизор және бір жетекші инженер қызмет атқарады. Бас ревизор Амангелді Рахмеденовтен аймақ теміржолында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі қай деңгейде екенін білуге тырыстық.  

– Біздің ревизорлық аппараттың мәліметіне сәйкес, биылғы 9 айда 417 тексеру жүргізілді, оның ішінде кездейсоқ 93, мақсатты емесі 314, түнгі 10 тексеру. Нәтижесінде 3094 кемшілік анықталды. Олардың көбі жылжымалы құрам мен техникалық құралдарды күтіп-ұстау мен пайдалану – 1260, еңбек өндірісінің технологиялық талаптарының сақталмауы – 1509, құжаттамалар мен аттестация жүргізудегі, т.б. кемшіліктер. Өткен мерзімде ревизорлар құрамымен 306 тыйым салу шарасы қолданылып, 15 локомотив тоқтатылды. Оның алтауы жөндеуден кейін, алтауы қолданыстан, үшеуі өрт қауіпсіздігіне байланысты. Сондай-ақ 68 вагон тоқтатылып, жылдамдықты шектеу, бұрмалар ақаулығы, станция, қабылдап-жөнелту жолдарын жабу бойынша да тыйым шаралары қолданылды. Біз қай жерде де келеңсіздіктердің алдын алу, оны болдырмауға тырысамыз. Вагондардан ақау табылса, оларды қайта жөнделгенше құрамнан алып тастаймыз, жол мен бағыттамалы бұрмалар сапасы талапқа сай болмаса шектеу қоямыз немесе жөндеп болғанша мүлдем тоқтатамыз. Құралдар мен қондырғыларға да осындай қатаң шаралар қолданылады. Ревизорлар жұмысы қауіпсіздікке бастайтын бағдар болуы тиіс, – дейді Амангелді Мәдениетұлы.  

Бүгінде теміржолдағы мал басу оқиғасы, жасыратыны жоқ, барлық аймақтар үшін басты проблемаға айналды. Атырауда да осы тоғыз ай ішінде 35 оқиға тіркелген. Өңірде соңғы жылдары жолды күрделі жөндеу жұмыстары жақсы жүргізіліп, жолдың 65 пайызы темір-бетон жаңа шпалдарға, жаңа рельстерге ауыстырылған. Соған сай көп учаскелерде жылдамдық артқан. Тальго пойыздары сағатына 120- 140 шақырыммен жүреді. Бірақ жолда ірі қара мал көп жүреді.  

Бас ревизордың айтуынша, әсіресе қауіпті саналатын жерлер Атырау – Махамбет, Махамбет – Қызылжар, Бақсай – Аққыстау, Құлсары – Шоқпартоғай, Жантерек – Мұқыр – Сағыз, Ганюшкино – Атырау аралықтары.  

– Халық мал ұстайды, бірақ малға бағым керек. Бұл мәселелерді жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қарым-қатынасынсыз атқару мүмкін емес. Соған орай аудан әкімдеріне малды теміржол бойына жаймау, бақташы қою, мал иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізу жөнінде талай хаттар да жазылып жатыр, бірақ нәтиже шамалы. Өкінішке орай, Аққыстау – Бақсау аралығында адам басу оқиғасы да тіркелді, – дейді А.Рахмеденов.  

Бас ревизор тоқталған келесі бір проблема теміржолды құм басып қалу жағдайы екен. Әсіресе, Қиғаш – Атырау, 14,15, Исатай, Нарын бекеттерінде жолды тұзды топырақ, құм басып, жаңбыр жауса, тас болып қатып қалатын жағдай жиі болмаса да қайталанып тұратын көрінеді. Ол пойыздардың жүруіне кедергі. Жолшылар өз күштерімен тазалайды, бірақ табиғатқа қарсы тұру мүмкін емес, бүгін аршыған жер, ертең қайта құм басады. Ол өз кезегінде жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы кестесінің бұзылуына, пойыздардың тоқтап қалуына әкеліп соғады. Сондықтан жолға құм өтпейтін етіп ағаштар, сексеуіл, жыңғыл егу жұмыстары қарастырылғаны жөн деп санайды аймақтың бас ревизоры.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды