Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
01.10.2026, 13:01
Оқуға 2 мин

Ақмола облысында 1981 жылы салынған Көкшетау станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.

Қайта құру барысында жертөле және техникалық қабаттары бар үш қабатты вокзал ғимараты жаңартылды. 

Қайта жаңартудан кейінгі ғимараттың ауданы 9 345,4 шаршы метрді, конкорстық  өткел ауданы 884,85 шаршы метрді құрады. 

Фиброцемент тақталарынан жасалған қасбеті жаңартылып, берік, отқа төзімді және оңай жуылатын материалдарды қолдана отырып, ішкі әрлеу жасалды. Эскалатор, тік көтергіш, жиһаз және қажетті жабдық орнатылған. Сондай-ақ инженерлік желілер жаңартылып, аумақ абаттандырылды және төрт жолаушы лифті бар конкорс өткелі салынды. Қазақстандық өндірістің материалдары қолданылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық жолдар мен есіктер ұйымдастырылды. 

Көкшетау вокзалы 1-класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1800 адамды құрайды. Станция арқылы Көкшетауды Астана, Алматы, Петропавл, Бурабай курорты, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Ақтөбе, Атырау, Шу, Түркістан, Шымкент және Тараз, сондай-ақ Қырғызстан және Ресеймен байланыстыратын 32 жолаушылар пойызы өтеді.

Жаңартылған вокзал жолаушыларға жайлылықтың, қауіпсіздіктің және қызметтердің қолжетімділігінің заманауи деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңірдің көліктік тартымдылығын арттырады.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл