Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
01.10.2026, 17:13
Оқуға 1 мин

Жетісу облысында 1930 жылы салынған Үштөбе станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту толығымен аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан  еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде орындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қайта құру қорытындысы бойынша екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1 335 шаршы метрді құрады. Шатыр, қасбет және ішкі үй-жайлартолығымен жаңартылып, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылды. Іргелес аумақты және жолаушылар перроның абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ғимараттың қасбеті сызықтық панельдермен апталып, негізі гранитпен қапталған. Ішкі бөлмелерде аспалы торлы төбелер орнатылып, едендеріне керамогранит төселген. Жаңа эвакуациялық жолдар жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін есіктер орнатылды. Жұмыс барысында қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылды.

Вокзал 3-класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 435 адамды құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қарағанды, Балқаш, сондай-ақ Ресеймен байланыстыратын 22 пойыз қатынайды.

Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл