Табысты  желтоқсан

Аймақтар
19.01.2018, 18:44
Оқуға 2 мин
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі өткен жылды көңіл көншітерлік көрсеткіштермен қорытындылады.  Жүк айналымы өткен жылдың желтоқсан айында 2 миллиард ткм неттоға жуықтап, жоспар 122,2%-ға орындалды. Ал, жалпы бір жылда 19,5 миллиард ткм нетто-ға немесе 107,6%-ға орындалып отыр. Жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек,, тек желтоқсан айында тәулігіне 706 вагон жүк тиелген, пайызға шаққанда 31,3%-ға артық.  Бөлімше арқылы негізінен құрылыс материалдары, темір рудасы, түрлі-түсті руда тиеледі. «КТТ» АҚ меншігіндегі вагондарға 598,9 мың тонна жүк тиелген, оның жалпы тиелген жүктегі үлесі 37,3% құрайды. Сонымен бірге, 145 жабық, 68 платформа, 8 442 жартылай вагон, 2 цистерна, 160 өзге вагон, соның ішінде 97 астық тасымалдайтын вагон қамтылған. Жалпы, «КТТ» АҚ  вагонының  босамау көрсеткіші 2016 жылға қарағанда 8,9%-ға төмендеген. Техника бөлімі мамандарының есебінше, тек желтоқсан айында Қазақстанның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға барлық жүк көлемінің 86,5%-ы жөнелтілген болса, қалған 13,5% алыс та жақын елдерге жіберілген. Жалпы, 2017 жылы жүктің 85,5% ел аумағында тасымалданса, 14,5% шетелдерге шығарылған. Жүк тиеу жоспарын орындау үшін өткен жылдың соңғы айында шетелдерге қарасты 4 318 вагон пайдаланылған. Жалпы, былтыр құрылыс жүктері, қара металл сынықтары, өнеркәсіптік шикізат, нан өнімдері көлемінің артуына орай жүк тасымалы көрсеткіштері едәуір жақсарды. Мұнай құю орындарының өнімдері, түрлі-түсті руда, өртке шыдамды кірпіш, қара металл, металл сынықтары, химикаттар, шикізат және т.б. жүк тасымалданады. Есеп бойынша  2017 жылдың желтоқсан айында тиелген жүк вагонының орташа салмағы 63,89 тонна болған. Жоспар 101,2%-ға орындалған. Ал, вагондардан жүк түсіруге келер болсақ, желтоқсан айында тәулігіне 254 вагон түсіріліп,  жоспар 115,5%-ға орындалыпты.  Вагондар тәулігіне орта есеппен қанша шақырым жүріп өтетіні де есептелген. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі бойынша, бір вагон шамамен 337 шақырым жүріп өтетін болған. Ал, локомотив шаруашылығына келер болсақ, желтоқсан айында орташа алғанда 50 локомотив жолға шығып отырған. Жалпы, өткен жылдың басында бұл көрсеткіш шамамен 46 бірлік болған екен. Тепловоздар сағатына орта есеппен 48 шақырым жол жүріп отырған. Бұл – өте жақсы көрсеткіш.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды