Оқыту шеберлігі озық

Аймақтар
01.08.2016, 11:01
Оқуға 3 мин
Үнемі білім жетілдіруді қажет ететін саланың бірі – вагон шаруашылығы. Нұсқаулықтарды оқып, қауіпсіздік ережелерін қайталап, тежегіш құралдарын ретімен пайдалану, балғамен ұрып, вагондардың ешкім байқамас сызаттарын табу арқылы апаттардың алдын алатындар ылғи білімдерін тәжірибе арқылы шыңдап отыруға тиіс. Бұл жағынан Астана вагон пайдалану депосында білікті мамандардың оқыту шеберліктері озық деуге болады. Сондықтан депоның өндірістік оқыту шебері Сергей Ковцур жан-жақтан біліктіліктерін көтеруге келетін вагоншыларды мекеме базасында оқытып жіберіп отырады. Одан басқа өз вагоншыларын да аптасына екі рет техникалық сабаққа қатыстырып, жарты жылда бір рет тест сұрақтарын тапсыртқызса, екі жылда бір емтихан қабылдайды. –Жоспарлы және жоспардан тыс сабақтар болады. Техникалық сабақтар өткізу үшін тақырыптық жоспар құрылады. Сабақ өтетін техникалық кабинетіміз талаптарға сай жабдықталған. Жаңа нұсқаулықтан тақырыптар алып, жолдан шығып кету, бүйір рамасының ақаулығын табу оқиғаларына қатысты мәліметтер берумен қатар, оларды қолмен ұстап, бөлшектерді шашып, қайта жинау үшін кабинетте барлық көрнекіліктер қойылған. Әрбір вагоншы кем дегенде айына бір рет сабаққа қатысуға тиіс. Қатыспау себептерін анықтап, қабілеттерін жұмыс барысында тексеріп, кемшіліктеріне қарай сабаққа қатысуға шақырылады. Олардың жұмысын инструкторлар барып бақылайды, – дейді білікті оқыту шебері Сергей. ВЧД – 8 мекемесінде биыл алты айда өткен сабақтарға 1635 вагоншы қатысыпты. Жоспарлы түрде 49 сабақ ұйымдастырылған. Одан бөлек вагонның қай бөлігінен ақаудың көбірек табылғанына қарай, сол бөлікке қатысты «Абайла, тежегіш», «Абайла, бүйір рамасы» немесе «Доңғалақтар дискі» деген сияқты айлық акциялар өткізіледі.  Разрядтарын көтеру үшін еліміздің вагоншылары осы депомен қатар Астанадағы Оқу орталығында, сонымен қатар Тараз, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы теміржол мектептері немесе оқыту орындарында дәріс алады. Биыл аталған жерлерге депоның 52 теміржошылшысын оқыту жоспарланған болса, соның 33-і біліктіліктерін көтеріп келді. Қалғандары жылдың аяғына дейін кәсіби деңгейлерін көтеруге барады. Оқыту курсынан өткендерге арнайы сертификат беріліп, сол арқылы оған белгілі бір разряд бойынша жұмыс істеуге рұқсат беріледі. –Менің білуімше, Павлодар мен Астанада оқыту деңгейі жоғары. Біз депо вагоншыларын жақын облыстарға жіберуге тырысамыз. Ұдайы білім жетілдірудің нәтижесінде биыл біздің вагон қараушылар депо арқылы тексеруден өткен вагондардан 59 ақаулықты анықтады. Арба бөлшектері жөнінен 13, бүйір рамасы сызатынан 11 ақау тапты. Сонымен қатар қауіпсіз қозғалысқа қауіп төндіретін өзге де кемшіліктер табылып жатады. Осындай қырағылығы үшін Қырқыншы станциясының өзінен 9 вагон қараушы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, – дейді оқыту шебері.  Өз саласының қыр-сырын шебер меңгерген Сергей Ковцур – 40 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы. Әкесі де вагоншы болған, қазірде ұлы да вагон шаруашылығында  бас маман.

Райхан Рахметова

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті