Жаттығу шеберлікті шыңдайды

Ақтөбе темір жол вокзалында тағы да... өрт шықты. Әрине, әдеттегісінше, оқу-жаттығу шаралары аясында, шартты түрде. Өрт сөндіру пойызының жігіттері шеберліктерін шыңдау мақсатында жаттығуды жиі өткізеді.
Бұл жолы вокзал ішіндегі сауда нүктелерінің бірінен жалын тұтанған. Сағат күндізгі 12-лер шамасында вокзал қызметкерлері бар, жолаушылары бар, 500-ден астам адам ғимараттан сыртқа шығарылды. Ақтөбе өрт сөндіру пойызының бастығы Әділ Құбаевтың айтуына қарағанда, оқу-жаттығу шараларының мақсаты өрт сөндіру пойызы мен өрт қауіпсіздігіне жауапты құрылымдардың бірлесіп жұмыс жасау барысы мен дайындығын пысықтау. –Барлығы ойдағыдай өтті. Жалпы, жыл басталғалы бері ешбір өрт оқиғасы тіркелмеді. Былтыр да біздер үшін тыныш өтті. Мұның барлығы, менің ойымша, алдын алу шараларының дер кезінде, ойдағыдай қолға алынып жатқандығынан деп сеніммен айта аламын. Себебі біздің жігіттер жаттығу өткізген сайын сол аймақтың өртке қауіпсіздігін толық бақылаудан өткізеді, – дейді Әділ Құбаев. Оқу-жаттығу шараларына әскерилендірілген күзет қызметі, желідегі ішкі істер бөлімінің өкілдері, вокзал жұмысшылары, тағы басқалар қатысты. –Шартты түрде вокзал ғимаратының жоғарғы қабатынан екі адамды баспалдақпен түсірдік. Сонымен бірге, белгілі бір уақыт аралығында қимыл-әрекетімізді есептедік. Жігіттер өздерінің ептілігі мен жылдамдығын тағы бір дәлелдеді. Біз әдетте тек темір жолдың маңайындағы емес, қала, облыс аумағындағы өрт сөндіру қызметтеріне де қол ұшын созып келеміз, – дейді өрт сөндіру пойызының бастығы. Оның айтуынша, таяуда Ақтөбеде орын алған «Қазақстан қағаздары» мекемесі мен «Локомотивное» көшесіндегі өрт оқиғаларын ауыздықтауға Ақтөбе өрт сөндіру пойызының жігіттері қатысқан.Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды