Ескертулер ескерілді

Аймақтар
14.11.2018, 07:03
Оқуға 2 мин

Жамбыл өңірінде үш тораптық станция бар. Солардың бірі – Сарышаған. Ай сайын болып тұратын тораптық кеңестің кезекті жиыны жуырда Сарышаған станциясында да өтті.  

Биылғы он айдың қорытындысы мен бір айлық кезең ішіндегі эксплуатациялық көрсеткіштер қаралып, жан-жақты сараланған жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» бас инженері Жұмағали Урсаров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының автоматтандырылған басқару жүйесі жөніндегі орынбасары Марат Мырзағұлов, Жамбыл өңірі кәсіподақтар комитетінің басшысы Жұман Сәменов және филиалдың ревизорлық аппарат өкілдері қатысты.

 Филиал директорының орынбасары Марат Мырзағұловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сарышаған тораптық станциясы аумағына жақын орналасқан станциялар басшылары мен өзге де жауапты мамандары бір ай ішіндегі жақсы көрсеткіштер мен кеткен кемшіліктерді баяндады. Жиыннан ұққанымыз биыл машинистердің болат жолдың сапасы мен өзге де орын алған олқылықтар жөніндегі «Ескертпелер кітабына» түртіп алған ескертпелері азая түсіпті.

– Қыркүйек айында машинистерден 92 ескертпе келіп түссе, қазан айында 84 тіркелді. Жалпы, өткен жылдың осы есепті кезеңіндегі ескертпелер саны 120-ға жеткен. Яғни, қойылған талаптар мен жылдан жылға жол сапасының жақсарып келе жатқанының арқасында орын алып жатқан олқылықтар динамикасы биыл азая түскен. Бұл – біз үшін жақсы жаңалық, – дейді Марат Болатбекұлы.

Сондай-ақ, кеңесте жол қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де басты назарға алынып, өткен айдың кеңесінде қаралған ескертпелер бойынша да жауаптар алынды. Өйткені, тәуекелі басым темір жол саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен оның қорғалуы, қызметкерлердің денсаулығы басты бағыт екені анық.

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды