Семей теміржолшылары үздік бастауыш партия ұйымы атанды

Аймақтар
14.11.2018, 07:49
Оқуға 2 мин

Өскемен қаласында өткен «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының ХХІ есеп беру-сайлау конференциясында Семей ЖТ бөлімшесінің бастауыш партия ұйымы «Ең үздік БПҰ-2018» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы деп танылды, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолшысы" газетінің өңірдегі тілшісі.  

Аталмыш салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясы фракциясы бойынша қалалық мәслихаттың депутаты, Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев бастаған теміржолшылар қатысты. Екі жыл бойғы атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған шарада, партияның аймақтық филиалы төрағасы-облыс әкімі Даниал Ахметов «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты партияның сайлауалды бағдарламасы аясында ең белсенді жұмыс жүргізген ұжым ретінде семейлік теміржолшыларды атап өтіп, Марлен Көкірекбаевқа салтанатты түрде бірінші орын иегерлері екендігін айғақтайтын диплом табыс етті. Оның өзіндік себебі де жоқ емес, осынау аралықта партия қатарына өткен теміржолшылар саны еселеп өскен. Сонымен қатар, жергілікті халықтың өтініш-тілегі аясында бастауыш партияның атқарған жұмыстары да орасан. Оның ішінде, жергілікті елді мекендерді ауызсумен қамту, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек беру сынды көптеген игілікті шаралар бар.

– «Нұр Отан» халықтың партиясы, сол себепті жұртшылықты толғандырған мәселе біздің де назарымызда. Ал осынау міндетті орындаудағы басты құрал қоғамдық қабылдаулар болып отыр. Оның аясында шешімін тапқан мәселелер өткен жылғыдан да көп. Ең бастысы жергілікті халықтың тілегін орындау партияның қызметі мен беделін арттыра түспек, – дейді бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы.

Атап өтерлігі, қазіргі күннің өзінде темір жол саласы қызметкерлері арасында партия қатарына өтуге ниет білдірушілер саны көп екен.

Қуаныш Қожаев, Семей


Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды