Жаңа телім бойында

Аймақтар
14.11.2018, 07:55
Оқуға 3 мин

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Сексеуіл жол дистанциясы – Жезқазған-Сексеуіл магистралі ашылған жылы «өмірге» келген ең жас дистанциялардың бірі. Соған қарамастан мекеме ұжымы өзіне міндеттелген міндеттерді мінсіз атқарып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға жұмыла жұмыс істеп отыр.  

 Жолшылар қауымы пойыздардың қозғалысына нұқсан келтіретін оқиғаларды болдырмауға, алдын алуға тырысып бағуда. Десе де, дистанция бойынша биылғы үш тоқсанда қараусыз малдың жолға шығып кетуіне, бөгде адамның жол бойында жүруіне, тағысын тағы келеңсіз жайттарға байланысты тепловоз машинистерінің жедел тежегішті қолдануы 49 рет тіркелген.

– Мал-жанның пойызға басылуын болдырмау үшін дистанция жолшылары профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді. Тіпті, жол бойына жақын орналасқан ауылдық округтерге, аудандық әкімдікке қатынас хаттар жазылып, арнайы мамандар құрамымен рейд ұйымдастырылды. Сөзіме дәлел ретінде, сексеуілдік жолшылардың Арал аудандық әкімдігіне, Қарақұм, Шижаға ауылдық округі және Сексеуіл кенті әкімдігіне теміржолдың қауіпті аймақ екендігін, оның бойында мал бағу мен бейсауыт жүру қауіпті екені түсіндірілген мәтінмен 35 рет хат жолдағанын айтар едім. Өкініштісі, оң нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. Жаңа телімнің ең қауіпті аумағы болып саналатын Қарашеген-18 бекет, 17 бекет маңында иесіз жайылған малдың әсерінен пойыз машинистерінің жедел тежегіш басуы жиі қайталануда, – дейді дистанция бастығы Мәжит Құрманбаев.

Нақты деректерге жүгінсек, дистанция жолшылары теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін түсіндіріп, мектептерде 2730 оқушымен, 1889 жергілікті тұрғынмен 22 мәрте кездесу өткізіпті. Жол бойын жағалай арнайы жұмыс тобымен 20 рет рейд өткізген. Өтіп бара жатқан пойыздардың терезесіне тас лақтырып сындыру, жолға бөгде зат қою жағдайының алдын алу үшін Абай, Шижаға ауылында, Сексеуіл және Арал теңізі станцияларындағы мектептердің 676 оқушысымен кездесіпті.

«Әлбетте, біз «баяғы жартас – бір жартас» деп қол қусырып отыра алмаймыз. Профилактикалық жұмыстар шеңберінде темір жол бойына малдың шығып кетпеуі үшін қоршаулар орнатудамыз. Мәселен, 2016 жылы Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімінің бойын малдан қорғау үшін 25 шақырымдық аумақтың екі қапталы қоршалса, 2017 жылы – 67 км, ал биылғы жылы 20 шақырымды қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр» , – деген жол мекемесі бастығы дистанция телімдеріндегі 15 теміржол өткелінің 4-еуі күзетілетінін, ал қалған 11 өткел қарауылсыз екенін атап өтті. Дегенмен, күзет қойылмаған өткелдерге әр айда екі рет рейд ұйымдастырылады екен, биыл осындай 64 рет рейд ұйымдастырылып, 1965 автокөлік жүргізуші өткелден өту тәртібімен таныстырылған. Және де дистанция басшылығы арнайы мамандар тобымен жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырып, 62 кемшілік тауып, оларды дер кезінде түзетуді бақылауға алған.

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда


Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды