Өзеннің өз миссиясы бар

Аймақтар
15.11.2018, 11:51
Оқуға 2 мин

       Мұнайлы өлке Маңғыстаудың Өзен станциясындағы темір жолдың бүгінгі даму қарқыны көз қуантарлық. Қазыналы түбектің мұнай-газ кенін тасымалдау мақсатында тартылған болат жол, сол күрежолдың бойындағы Өзен станциясы өз миссиясын атқарып жатыр.   

       Өзен станциясында ағымдағы жүк тиеу, түсіру, транзиттік жүктерді өткізу жұмыстары кідіріссіз жүргізіліп, жалғасып жатыр. «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісі жобасының аясында 2012 жылдары барлық теміржол мекемелері түпкілікті жаңартылған. Станцияны үш жылдан бері басқарып келе жатқан Самат Сариев былтырғыға қарағанда жүк айналымы біршама артқанын айтады. Айталық, биыл қыркүйек айында 234 вагон, яғни 11689 тонна жүк тиелген болса, соның басым бөлігі, 60-70 вагонға пропан тиеліпті. Сонымен қатар газ, мұнай өнімдері, металл көп жіберіледі екен. Осы айда түсірілген жүк көлемі 339 вагонды құраған.

– Станцияға келетін жүк түрлері сан алуан. Ең көп келетіні – «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнына түсірілетін құрылыс материалдары, жабдықтар. Сосын жергілікті кәсіпкерлер үшін азық-түлік келеді. Күзгі тексеруде жақсы нәтижелер көрсеттік. Қыста жұмыс істеуге сақадай сай дайындықпен кірістік, – дейді станция бастығы Самат Сариев.

Жалпы өзі үшінші класты, әрі барлық ғимараттары мен жабдықтары жаңа болғандықтан, станцияда жеңіл-желпі болмаса, күрделі мәселе бола бермейді екен.

Станцияда 45 теміржолшы еңбек етуде. Бүгінде мұнда пойыздар қозғалысын реттеп отыратын 5 станция кезекшісі, 9 пойыз құрастырушы, 5 тауар кассирі, 6 жүк қабылдап-жөнелтуші, 6 техникалық кеңсе қызметкері, 2 белгі беруші және 1 оператор мен 4 ДСП маманы бар. Бәрі де жергілікті азаматтар. Ең көбі 37 жылдық, ең азы 1 жылдық жұмыс тәжірибесі бар осы ұжым құрамы Өзен станциясымен қоса Бастау бекетінің де қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.

– Станция жұмысшы-қызметкерлерінің біліктілігін арттыру күн тәртібінен түскен емес. Теміржолшыларды арнайы кесте бойынша жан-жаққа курстарға жібереміз, сондай-ақ айына екі рет өткізілетін техникалық сабақтардың да кәсіби тұрғыда жетілуге маңызы зор, – дейді станция бастығы.

Болашақ станциясы ашылғанға дейін Маңғыстау темір жолының соңғы нүктесі болған Өзен станциясында бүгінде қала маңы жолаушылар тасымалы тек Болашақпен арада ғана бар. Тұрғындардың басым бөлігі автокөлікпен қатынайтындықтан бұған дейін жүріп тұрған Маңғыстау-Өзен қаламаңы жолаушылар пойызы тоқтатылған.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ  

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды