Билік партиясының кезекті отырысында үш мәселе қаралды

Аймақтар
06.02.2019, 13:29
Оқуға 3 мин

Теміржолшылар өміріндегі саяси-қоғамдық шараларға ұйытқы болып жүрген «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы жуырда кең көлемде жиын өткізді.  

Басқосудың күн тақырыбы «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойлы белесі және партия бағдарламасы аясындағы бастауыш ұйым жұмысын талқылау мен алдағы аптада өтетін кезекті қалалық партия съезіне делегаттар сайлау туралы негізгі үш мәселеден тұрды.  

Жиында алғашқы болып сөз алған бастауыш партия ұйымының төрағасы, бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов қазіргі таңдағы Елбасы Н.Назарбаев жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан іргелі шараларға тоқталып өтіп, жергілікті бастауыш партия жұмысына ойысты. Жалпы «Нұр Отан» партиясы қатарында 900-ге таяу теміржолшы бар екен. Тек өткен жылдың өзінде 178 сала қызметкері партия мүшесі болған. Қазіргі күні барлық партия мүшелері белсенді жұмыс жүргізіп, стратегиялық мақсаттағы шараларды сәтімен іске асыруда. Әсіресе теміржолшы жастар белсенділігі жоғары. Қайырымдылық мақсатта жастар бастамасымен бүгінде 15 отбасыға материалдық көмек көрсетілген. Осындай іргелі жұмыстарға тоқталып өткен Ерғазы Төлендіұлы партия жетекшілігімен жүзеге асырылған шаралармен қоса түрлі байқаулар мен сайыстар жайына да тоқталып, семейлік бастауыш партия ұйымы облыс бойынша бірінші орынды жеңіп алғанын да еске салды.

Маңызы зор басқосуды бөлімше басшысы, қалалық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы фракциясы бойынша депутаты Марлен Көкрекбаев жалғастырып, ел көлемі бойынша Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан шараларға тоқталып, ұлттық компания көлеміндегі айтулы жаңалықтар жайында мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауы басымдықтарын жүзеге асырумен жаңадан қолға алынған «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша орындалып жатқан жұмыстар жөнінде де айтты. Сонымен қоса, 2030 жылға дейінгі «Нұр Отан» партиясы бағдарламасын жүзеге асыру шаралары мен оның қазақстандықтар өмірін жақсартудағы мүмкіндігіне тоқталды.

– Алдағы онжылдықта партия жетекшілігімен он басымдықты жүзеге асыру мндеттеліп отыр. Оның ішінде әлеуметтік шараларға айрықша маңыздылық берілген. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы білім беру мен кәсіби машыққа және де инновацияға ерекше мән беруде. Қазіргі күндері қарқын алған партия жұмысының негізгі басымдықтарын осы бағыттағы жұмыстар құрайды, – деп атап өткен Марлен Кәрімұлы бөлімше бойынша жүргізіліп жатқан шараларға да тоқталды.

Ал, теміржолшы жастар атынан сөз алған Расул Кәукен салада 782 жыл еңбек өтілі бар даңқты династияның төртінші буын өкілі екенін айтып өтіп, өз әулеттерінің салалық қызметке қосқан үлесін, қазіргі таңдағы Елбасы саясатына семейлік жастар қатарының зор қолдау білдіріп, іске асыруға белсене кіріскендігін, бұл ретте жастар жылының үлкен мүмкіндік беретінін де жеткізді.

Ал, жиын соңында 20 жылдық мерейтойға орай бірқатар ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді. Бұл аға буын өкілдерінің барлығы – партия қатарына алғашқы болып өтіп, мол үлес қосқандар.

Сонымен қатар партия қатарына жаңадан өткен теміржолшыларға партиялық куәлік табыс етілді. Айта кетерлігі, олардың қатарында жастардың үлесі мол екен.

Қуаныш Қожаев, Семей  


Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды