Ауған алауы жадымызда...

Аймақтар
19.02.2019, 18:05

Семей ЖТ бөлімшесінде кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын болып өтті. Басқосуға жат елде интернационалдық борышын өтеген теміржолшылар – ауған соғысы ардагерлері, жергілікті әскери қолбасшылық өкілдері мен жастар қауымы қатысып, мағыналы сұхбат өрбітті. 

Аталмыш шараны салалық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған болатын. Жиналған көпшілік алдында «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов сөз алып, алқалы отырыстың мәнін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ жетекшісі ауған соғысы тарихына ықшам шолу жасап, от пен оқтың ортасынан аман оралған кешегі сарбаздар, бүгінгі теміржолшылар қауымына ерекше тоқталды.

Сол тәрізді өз құттықтау сөзінде бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев та ауған даласында азаматтық парыздарын өтеп қайтқан ардагер-теміржолшылар туралы жылы лебізін білдіріп, бейбіт өмірдегі еңбектеріне алғыс айтты. Қазіргі таңда Семей теміржолы бойынша 27 ауған соғысының ардагері еңбек етуде. Олардың әсіресе жас буын арасында патриоттық рух қалыптастырудағы қосып жүрген үлестері зор екенін атап өтті бөлімше басшысы.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында «Шығыс» өңірлік қалбасшылығы тарапынан ҚР Қарулы күштер ардагері, запастағы генерал-майор Александр Мартынов сөз алды. Ол ауған соғысының ащы шындығына тоқталып өтіп, ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп, дәл осындай айтулы шара өткізгендері үшін теміржолшылар қауымына, сала басшыларына, кәсіподақ ұйымына зор алғыс білдірді.

Сонымен қатар, қонақтар арасынан лебіз білдірген Шығыс аймағының Бас әскери-көліктік комендатурасының әскери коменданты, майор Максим Шамайко ауған ардагерлерінің бейбіт өмірде жас қрпаққа үлгі-өнеге болып, патриоттық рух қалыптастырып жүргеніне қуаныш білдіретінін, осынау шараға тәнті екенін жеткізді. Қонақтар пікірінше, қалада дәл осындай көлемде ауған ардагерлері еңбек ететін әрі оларға дәл осындай құрмет көрсететін мекеме жоқтың қасы деуге болады.

Сондай-ақ, жиын барысында ауған ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық ұйымының төрағасы Боранбай Бегатов та құттықтау лебіз білдірді. Мұнымен қатар, Семейдегі вагон жөндеу депосында ұзақ жылдар еңбек ететін Бақытбек Қырықбаев та осынау атаулы күн жайында пікір білдірді. Ауған елінің Құндыз уәлаятындағы Бағлан қалашығында екі жыл бойы интернационалдық борышын өтеген ардагердің өңірі орден-медальға толы. Ол күллі шығыс өңірі бойынша «Ерлігі үшін» төсбелгісінің жалғыз иегері екен. Бұл айрықша марапат оған жаралы қаруласын арқалап, жау қоршауын бұзып шыққан қаһармандығы үшін беріліпті.

Жиын барысында барлық ауған соғысы ардагерлеріне бөлімше басшысының Алғыс хаты табыс етіліп, естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, ауған даласынан аман оралғанымен, соның кесірінен алған жан мен тән дертінен көз жұмған теміржолшылар да бір минут үнсіздікпен еске алынып, олардың шараға арнайы шақырылған жақындарына да сый-сияпат ұсынылды.

Жиын соңында жиналған қауым ел арасында «Қара майор» лақап атымен танымал болған әйгілі қолбасшы, ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың жауынгерлік жолы туралы деректі фильмді тамашалап, күні кеше өмірден озған батыр рухына тағзым етті.

Осыдан соң салтанатты жиын «Түрксіб-Семей» мұражайында жалғасты. Мақсұт Көшжанов жетекшілік ететін бұл мәдени орында ауған ардагерлері құрметіне арналып, «Ауған жері – жүректің шері» атты жаңа әрі ерекше мүйіс ашылған болатын. Қонақтар осынау экспозициялық көрмені тамашалап, естелік суреттерге түсті. Сонымен қатар, бірқатар ауған ардагерлері ондағы жәдігерлер қатарын толықтырып, ауған елімен байланысты тың экспонаттар тарту етті.

Қуаныш Қожаев, Семей  


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды