Достық жолы күрделі жөндеуден өтуде

Аймақтар
28.05.2019, 11:37
Оқуға 3 мин
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Биылғы жылы Алматы магистральдық желі бөлімшесінде 94 км астам көлемде күрделі жөндеу жоспарланған. Мердігерлік тәсілмен атқарылатын жөндеу жұмысы басталып та кетті. Жуырда «Теміржол жөндеу» ЖШС Астана жол машиналары станциялары және «IntegraConstructionKZ» ЖШС «Оңтүстік дирекциясына» қарасты Үштөбе жол машиналары станциялары жұмысқа кірісті.

Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Талғат Еспановтың айтуынша, жол табанын сауықтыру жыл сайын үздіксіз жүргізіліп келеді. Мақсат – темір жолдың сенімділігін арттырып, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін көтеру, сондай-ақ техникалық құралдардың істен шығуын азайтып және алдағы қыс маусымына дайындық та осы күрделі жөндеудің сапасына байланысты көрінеді. – Жалпы жол шаруашылығын сауықтыруға көңіл бөлініп, кешенді іс-шаралар қолға алынуда, күрделі жөндеудің кезінде барлық өткелдерді де ретке келтіріп, кем-кетігін түзеуді көздеп отырмыз, – дейді Талгат Еспанов. Ал күрделі жөндеу көп күттірмейді.

Алдын ала әзірленген кестеге сәйкес, Ақтоғай–Достық – Рзд-19 аралығындағы 284-310 км жолға бірінші кезек келіп, бүгінгі таңда 24,692км көлеміндегі күрделі жөндеу қарқынды жүріп жатыр екен. Барлық жөндеу жұмысын Үштөбе ЖМС атқаруда. Кәсіпорын жолдың үстіңгі қабатын түгелдей сөгіп алып, су жаңа материалдар төсеп жатыр. Ол үшін қажетті техникалары жеткілікті. Мысалы, рельс-шпалдарды жинап және төсейтін УК-25/9-18 және ЭЛБ электробалластерін пайдалану арқылы жол астындағы щебень балласын, қиыршық тастарды өте жақсы тазартып, жолды түзетіп, тегістеп, ажарлауға болады. Щебеннің жалпы көлемі 75,789 м³ құрайды. Бүгінгі күннің өзінде 11 технологиялық «толаскез» өтіп, 14,095 км рельс-шпалды торкөз салынып, 4,688 км бунағы төселіпті. 

Ал Астана ЖМС мердігер кәсіпорны жүргізіп жатқан екінші күрделі жөндеу Саяқ–Ақтоғай телімінің Рзд-3– Жақсыбұлақ аралығындағы 1498-1523 км нүктесінде жүріп жатыр. Мұнда 24,174 км көлемде күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Шілдеге дейін жұмыс түгел аяқталып пайдалануға берілуі жоспарланған. Мамыр айының соңына дейін 10 км жол төселмек. Ал маусымда 10 км, шілдеде 4, 174 км жол төселеді деп есептеп отыр мердігер компания.

Барлық техника жарақты, жүріп тұр, жөндеу жұмысы басталғалы бері мұнда да 7 рет «толаскез» өткен, олардың әрқайсысы 6 сағатқа созылған. Бүгінгі таңда 6,6 км рельсшпалды торкөз төселген.

– Биылғы күрделі жөндеу есебінен біз Достық жолын сауықтырып алуды көздеп отырмыз. Өйткені, Қытайға жол ашатын осы Достық – Ақтоғай – Саяқ аралығы көп жылдан бері күрделі жөндеу көрмей тозып келе жатқаны рас еді. Оның үстіне, осыдан 15-20 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда телімде қозғалыс қанша есеге өсті, оны жүк тасымалының, Қазақстан мен Қытай арасында ағылып жатқан транзиттік пойыздар көлемінен-ақ байқауға болады. Сондықтан, Достық жолына күрделі жөндеу қажет еді, – деп ақпар берді Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Талғат Еспанов.

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді