Атыраулық локомотившілер жазғы маусымға дайындықты бастады

Аймақтар
05.06.2019, 17:07
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Локомотивтерді жазғы маусымға дайындауға атыраулық локомотившілер белсене кіріскен. Айталық, биылғы көктемгі комиссиялық тексеруге локомотив пайдалану паркіндегі 26 тепловоздың 16-сы жатқызылып, бүгінде оның 15-і тексеруден өткен.

Тексеруге жатқызылған локомотивтердің 9-ы магистральдық, 4 маневрлік және 3-уі жолаушы тепловозы. Олар Мақат сервис орталығында жөнделеді. Сонымен қатар, көктемгі тексеру кезінде локомотив бригадаларымен тепловоздардың сыртқы келбетін сәнге келтіру, 21 тепловозды, оның ішінде машинист кабиналарының кейбір жерлерін, поликтерді техника және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес сырлау, қысқы майды жазғысына ауыстыру, аккумуляторлардың жарамдылығын тексеру сияқты тағысын тағы ағымдық жұмыстар жүргізілген. Депоның жөндеу-бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Қорғанбаевтың айтуынша, тұтастай алғанда тепловоздар «жақсы» деп бағаланып, нәтижесі 4,5 балды құраған.

«Машинистердің жұмысы тепловоздардың техникалық жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан жөндеу жұмыстарынан өткен локомотивтерді қабылдауда мұқияттылық керек. Локомотивтердің қозғалысына, жүріп тұруына жол жағдайы да ықпал етері анық. Осы ретте, қазір өңірдегі жолдардың бұрынғыдан жақсарып қалғанын айтар едік. Атырау-Ақсарай арасында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұрын сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен жүретін едік, енді оны 100-ге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Сол секілді Сағыз, Құлсары, Бейнеу бағытындағы жолдар да жақсарып келеді, бірақ әлі де жылдамдықты шектейтін тұстары бар екенін айтпасқа болмас», – дейді Нұрлан Қорғанбаев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды