Қауіпсіздікке қосқан үлесі құрметке лайық

Аймақтар
17.06.2019, 11:43
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау – барлық теміржолшыларға ортақ міндет. Алайда оған салғырт қарайтындар да, өз ісіне аса жауапкершілік танытып, ақауды мүлт жібермейтін қырағы көз майталмандар да бар.

  Жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде жылжымалы құрамдардың ақауын тауып, қауіпсіздіктің сақталуына қомақты үлес қосқан екі маман марапатталды. Атырау станциясының 8-ші жолында түнгі сағат 03:36 минутта келіп тұрған пойызға техникалық қызмет көрсету кезінде вагон қарап-жөндеуші Берік Қисықов доңғалақ буксының 23 милиметрге ығысып кеткенін дер кезінде анықтаған, ол қалыпты 1,5 мм-ден әлдеқайда артық болған. Сондықтан дереу қақпақты ашып, бұранданы ағытып қарағанда ішіндегі темірдің сынып, майы қарайып кеткені анықталған. Вагон ақаулы деп танылып, Атырау депосына техникалық ағытып-жөндеуге жіберілген.

Бәйтерек бекетінде де келеңсіз жағдай орын алды. Кешкі сағат 18:00 шамасында бекет ғимаратының релелік құрал-жабдықтары орнатылған бөлмесінен түтін шыққан. Сол күнгі бекет кезекшісі Әділет Нұрлыбекұлы жас маман бола тұра, ғимарат бөлмесінен шыққан түтінді дер кезінде байқап, асыпсаспай, салқынқанды қимылдай білген. Ол алдымен нұсқама бойынша тоқтарды ажыратып, өрт сөндіру құралын орынды пайдаланып, түтіннің үлкен өртке ұласуына жол бермей, ғимаратты өрттен аман алып қалды. Және тиісті мамандарға хабар беріп, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтап, лауазымдық міндетін дұрыс деңгейде орындай білді.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Оразқұлов екі жігітке де алғыс айтып, оларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың атынан «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапаттап, алдағы еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды