Қоскөлден – Түркістанға дейін

Аймақтар
11.10.2019, 13:10
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ және магистральдық желі бөлімшелерінің директорлары Аманкелді Арысбаев пен Ибраким Басықараев бастаған аймақтың теміржол саласы басшыларынан жасақталған комиссиялық құрам бөлімшенің солтүстік шекарасы Қоскөл станциясынан бастап оңтүстіктегі Түркістан станциясына дейінгі телімдерді күзгі комиссиялық тексеруден өткізді. 

Тексеру аясында бөлімше бойынша барлық нысандар жіті бақылаудан өткізіліп, тиісті жерде арнайы тапсырмалар берілген. Олардың орындалуын бақылауға жеке тұлғалар бекітіліп, назарға ілінген кемшіліктерді санатына қарай қалпына келтірілуге уақыт белгіленіп, қайта тексеру жауапты тұлғаларға міндеттелді.

– Күзгі комиссиялық тексеру шаралары бөлімше бойынша ағымдағы жылдың 8-19 қыркүйегі арасында өткізілді. Бөлімшенің қысқы мезгілде үздіксіз, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатын көздеген комиссиялық құрам жетпіске жуық бекетті аралап, теміржол нысандарын көзден өткізді. Нәтижесінде тасымалдау шаруашылығы бойынша – 90 , локомотив шаруашылығы бойынша – 40, вагон шаруашылығынан 9 кемшілік анықталды. Жол шаруашылығынан тіпті 427, СЦБ және байланыс дистанциялары бойынша – 73, электрмен жабдықтау дистанциялары бойынша – 28, вокзал шаруашылығынан – 12, өрт қауіпсіздігі бойынша 65 кем-кетік анықталды. Қорыта айтқанда, биылғы күзгі тексеру кезінде 744 түрлі деңгейдегі кемшілік көзге ілікті. Олардың бәрі хатталып, кемшіліктердің жойылуын бақылауға бөлімше басшылығы тарапынан уақыт пен жауапты тұлғалар белгіленіп, қайта тексеруден өткізілуге тапсырма берілді, – деп комиссиялық тексеру жайында жан-жақты мағлұмат берді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Жарқынбек Рсымбетов.

Комиссия мүшелері, сонымен қатар, әр станция мен бекеттегі ұжымдардың еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жайын жіті тексерген. Мекеме ғимараттарының техникалық жайы, өндірістік және еңбек тәртібінің халі, жасанды құрылыстар мен желілік құрылымдар нысандары да назардан тыс қалмаған. Жылжымалы құрамдардың қозғалысына жол төсеніштері қабатының шыдамдылығы да комиссия мүшелерінің назарын аударған.

Жалпы Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша аса қауіпті аймақ саналатын теміржол нысандары мен ол жерде жұмыс жасаған теміржолшыларды сақтау үшін тексеру-бақылау жұмыстары жылдың барлық мезгілінде тәулік бойы жүргізіледі. Сырбойылық теміржолшылардың негізгі ұстанымы – жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету. Бұл – басты қағида және кәсіби міндет. Күзгі комиссиялық тексеру кезінде Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда жол дистанциялары бойынша бірбірден бағыттамалық бұрма жабылып, жылдамдықты шектеу белгіленген екен. Жолдарды комиссиялық айлық байқаудың 10 станцияда күші жойылып, қайта тексеруден өткізуге тапсырма берілген.

Сонымен қатар күзгі комиссиялық тексеруге мекемелерін жақсы дайындағаны, шағын станциялардағы теміржол нысандарына шефтік көмекті өз дәрежесінде жасағаны үшін бөлімше және кәсіподақ басшылығы ұйғарымымен Қызылорда және Қазалы белгі беру және байланыс дистанциялары, Шорнақ, Талап және Қорқыт станциялары мен Қазалы вагон пайдалану депосы, Қызылорда мен Қазалы электрмен жабдықтау дистанциялары, Қызылорда жол дистанциясы және Теміржолсу-Қызылорда мекемелері үлгілі деп танылып, Құрмет грамоталарымен марапатталыпты.

– Қорыта айтқанда, бөлімше мекемелері мен станциялар қысқы тасымал жұмыстарына тастүйін дайын деп айта аламыз. Бөлімше басшылығы мен кәсіподақ комитетінің төрағасы қол қойған кіші бекеттерге шефтік көмек көрсету жөніндегі кестеге сәйкес барлық жұмыстар керекті дәрежеде атқарылған. ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев аты аталған мекеме басшыларына алғыс айтып, өзге мекемелердің де кемшіліктерді белгіленген мерзімде жойып, қатарға қосыларына сенім білдірді, – деді бөлімшедегі күзгі байқау комиссиясының мүшесі Жарқынбек Рсымбетов. 

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады