Білім деңгейіне сынақ

Аймақтар
15.10.2019, 11:24
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақ теміржолшыларының кәсіби міндетін мінсіз атқаруын қадағалау мақсатында бөлімше басшылығы мен әр мекеменің басшы-қосшылар тарапынан да жұмысты бақылау тұрақты жүргізіліп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қашан да бірінші кезекте мән беріліп келеді.

Жуырда Жалағаш станциясына барғанымызда Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлімінің бастығы Жарқынбек Рсымбетов, бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Бекжан Өтеулиев және техбөлімнің еңбек қорғау және техқауіпсіздік жөніндегі маманы Ғабит Тілеубаев станция теміржолшыларының білімін тексеру сынағынан өткізіп жатқанына куә болдық.

Жалағаш станциясына маңайдағы Қараөзек пен Қызылтам станциялары арасындағы шағын бекеттерден станция кезекшілері, белгі берушілер, пойыз құрастырушылар, парк кезекшілері, жалпы алғанда әр бекеттің жұмысына жауапты 20 шақты теміржолшы жиналған екен. Бұл тексеру Ұлттық компаниядан жеткен телеграфтық пәрменге орай бөлімше басшылығы тарапынан жасақталған комиссиялық құраммен өткізілуде.

– «ҚТЖ-ЖТ» АҚ өндірістік қауіпсіздік  жөніндегі атқарушы директоры А. Құрақбаевтың 05.08.2019 ж. телеграфтық пәрмені негізінде жоғарыда аталған станция теміржолшыларының ПТЭ, ИСИ, ИДП және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі ережелерінің меңгеруін тексерудің кешенді-жоспарлы шаралары өткізілуде. Шара барысында теміржолшылардың пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру, қауіпсіздіктің бұзылуының алдын алу және орын алған кемшіліктердің қайталанбауына күш салуы мақсатында кешенді сынақ бекітілген болатын. Осыған байланысты бүгін Жалағаш станциясына Қаракеткен мен Қызылтам арасындағы бекеттердің теміржолшыларының білімін тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, – деді бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Бекжан Өтеулиев.

Бөлім басышысының айтуынша білім тексеру сынағынан бекеттерден жиналған теміржолшының бәрі дерлік өтіп, жұмысын жалғастыруға рұқсат алған. Дегенмен аса қауіпті саналатын аймақта жұмыс жасайтын теміржолшылар үшін қауіпсіздікке аса мұқият болу – ең басты қағида, сондықтан оны сақтау және өзгелердің де сақтауын талап ету әрбір теміржолшының кәсіби міндеті екені сынақ тапсырушыларға тағы да ескертілген. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады