Тоғыз айдағы толымды табыс

Аймақтар
15.10.2019, 13:07
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі үшінші тоқсанды да табысты қорытындыланып, жоспарды орындап отыр. Өткен тоғыз айда техникалық жоспарға сай негізгі 12 көрсеткіш 100 пайыздан асты.

Яғни, пайдаланым жүк айналымы 7095,3млн.т-кмнетто болып, 101,4%-ды құрады. Жүк тиеу көлемі 7793,5 мың тонна болды, орындалуы – 103,6 пайыз. Пайдаланым жүк айналымымен қоса, жұмыс вагонының айналымы 100, жергілікті вагон айналымы 98,9, ал жүк вагонының өнімділігі 99,5%, тиелген вагонның динамикалық салмағы 100,7, вагонның орташа тәуліктік жүрісі 97,9,%, вагонның статистикалық салмағы – 101,3%, жүк пойызының орташа салмағы 3956 т.брутто, яғни 101,8 болып, аймақта жүк тасымалы көлемінің сегіз айда жоғарылағанын көрсетті. Локомотив жүрісі 100,1%, пойыздың учаскелік жылдамдығы 100,1%, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы – 100,1%, вагонның бір жүк операциясына тұруы 102,9% болып орындалды. Аталған он екі көрсеткішке қарағанда, өңірде тасымал тасқыны ойдағыдай екенін байқауға болады.

Ал енді директорлар кеңесі жоспары бойынша қарасақ, пайдаланым жүк айналымы 6979 млн.т-кмнетто болып, 101,7%-ды құрады. Жүк тиеу көлемі 7793,5 мың тонна болып, орындалуы 103,1 пайыз болды, сол секілді негізгі басқа көрсеткіштер де жоғары. СД бойынша 14 пайдаланым көрсеткіші орындалған. Межеге жетпей қалғаны – екі көрсеткіш. Атап айтқанда, локомотив өнімділігі 2 т-км бруттоға немесе 0,1 пайызға кем. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, оның себебі жол жұмыстарының жүргізілуі мен пойыз ағымының біркелкі еместігінен болған. Екіншісі – бір техникалық станцияда вагон тұруының орташа ұзақтығы 98,1 пайыз болып, 1,9 пайызға төмендеген. Оның негізгі себебі тасталған пойыздардың тұру сағатының өсуінен. Жергілікті вагон айналымының кем болуы вагондардың кеш келіп, жүк түсірудің баяу жүргізілгендігінен, Теңдік станциясына бағытталған тасталған бос вагондардың саны өсуінен болған. 9 айда 2925 вагон (36 пойыз) 120809 сағатқа тасталған, олардың орташа тұруы 39,8 сағатты құраған. Оған Теңдік станциясымен қосылатын «РТИ АНПЗ» ЖШС пойыз қабылдау кірме жолдарының 41,3 сағатқа бос болмауы себеп болған.

Техникалық жоспарға сәйкес, жергілікті вагон айналымы 98,9 пайызды құрады. Оның төмендеуіне 160-200 вагон жүгін баяу түсіру, кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күтіп қалу, жүк түсіретін алқаптың бос болмауы, кедендік рәсімдерді күту, құжат айналымы, келісімшарт жасақтау сынды себептерден вагон айналымына әсер еткен. Онда «Теңізшевройл», «Шанхай Конструкш» ЖШС, «Стар», «Халелов» ЖК, «ТНС», «Карат», «Рауан Налко», «Нуржол транс» ЖШС, «Карат» ЖШС жүктері болған. Вагондардың орташа тәуліктік жүрісі де 97,9 пайызды құрады. Оның төмендеуіне тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, вагондардың жұмыс паркінің артып кетуі, жалпы вагондар жүрісінің вагон-шақырымы кемуі, т.б. себептер әсер еткен. Ал жүк вагондарының өнімділігіне келсек, тиелген вагондар жүрісінің кемуі мен жұмыс паркі вагондарының артуы себепші болып, 99,5 пайызды құраған. Қалған жоспар түгел орындалды. Жалпы, өңірдегі тасымал тасқыны үш тоқсан бойына жақсы деңгейде келе жатыр. Вагонның статистикалық салмағы 54,32 тн-вагон болып, 101,7 пайызды құрады. Жүк вагонының орташа салмағы 3956 тонна брутто немесе 100,5%.

Айта кетерлігі, бөлімше бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік «Нұрлы-жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтөбе бағыттары бойынша жол-құрылыс жұмыстарына инертті және құрылыс жүктері аса көп көлемде келіп жатыр. Ондай жүктер Махамбет, Аққыстау, Ганюшкино, Жамансор, Сағыз, т.б. станцияларда арта түскен. Жүктердің көптеп келуі өңірдегі тасымал тасқынының артуына себепші болып отыр. 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды