Құрылғыларда кінәрат жоқ

Аймақтар
22.10.2019, 11:58
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жалағаш станциясының солтүстік алқымындағы Ч8 бағдаршамның жарығын тексеріп жүрген топ құрамында Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Мейіржан Жахановты жолықтырдық.

Дистанцияның осы бекеттегі аға электромеханигі Әмір Құдайбергенов пен электромеханик Нұрболат Ысқақов ескертулерді қойын дәптерлеріне белгілеп, олқылықтарды ретке келтіруде. Бас инженер бұл жұмыстардың дистанция басшылығы тарапынан бекітілген учаскелерді жоспарлы бақылап, комиссиялы тексеру шарасы аясында өткізілуде екен.

– Дистанция басшылығының телімдерді жоспарлы бақылап-тексерудің кешенді жоспары бекітілген. Сол жоспар негізінде басшылық тарапынан дистанция телімдеріндері байланыс құрылғыларын жұмысын тексеру, жеке құрамның білімін сараптан өткізу, олардың еңбек және техникалық қауіпсіздігін қадағалау, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру шараларын назарда ұстау мақсатында бүгін Жалағаш станциясында жұмыс жасайтын дистанция мамандарының жұмысын бақылап, мұндағы байланыс құрылғыларының кідіріссіз жұмыс жасауын тексеруден өткізудеміз. Тексеру нәтижесінде оғаш кемшілік кездескен жоқ. Тек бірқатар ескертулер айтылып, ол қолма-қол орнына келтірілді, – деді дистанцияның бас инженері Мейіржан Жаханов.

Жалпы мекеме басшылығының телімдерді бақылап тексеруі жеке құрамның жұмысын ілгерілету, кемшіліктерді дер кезінде жойып, оның екінші рет қайталануына жол бермеу арқылы жылжымалы құрамдардың кідіріссіз әрі қауіпсіз қозғалысын сақтауды арттыру мақсатында тұрақты жүргізіледі. Кейде мұндай тексерулер тәуліктің кез келген уақытында тосыннан өткізілуі мүмкін. Сайып келгенде мұның бәрі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, құрылғылардың кідіріссіз жұмыс жасауын қадағалау және теміржолшының жеке басының амандығына алаңдаушылықтан туындайтын мәселелер екені анық.    

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады