Қауіпсіздік баршаға ортақ

Аймақтар
19.11.2019, 10:19
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев, Магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев, Қызылорда көлік прокуратурасының бастығы Еркебұлан Лесбеков, тағы басқа тиісті сала мамандары қатысқан жиында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың оңтайлы жолдары қарастырылып, ой айтылды, ұсыныс білдірілді.

Үйлестіруші орган өкілдерімен өткізілген жиынды ашқан бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев локомотив бригадаларының жедел тежегіш басуы өткен жылдармен салыстырғанда азайғанымен, ахуал әлі де алаңдатарлық екенін жеткізді.

Қызылорда көлік прокуратурасының бастығы Еркебұлан Лесбеков өз кезегінде мамандардың сараптамадан өткізген жұмыстарына талдау жасады.

– Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 4 рет адам басу жағдайы тіркелсе, биыл 3 бақытсыз оқиға есепке алынған. Талдау көрсеткендей, оқиғаның басым бөлігі жақындап келе жатқан пойыздың алдын кесіп өту, тоқтап тұрған вагонның астынан өту сынды себептерден орын алған. Және мұндай оқиғаның дені Қызылорда-Белкөл учаскесіндегі Шұғыла шағын ауданы маңында қайталанатыны анықталған. Жүргізіл-ген хронометраж нәтижесінде, бұл маңда тұрғындардың тығыз орналасуы, 2 сағат ішінде 78 азаматтың теміржол өткелінен өткені тіркелген. Бұл тәулігіне орташа есеппен – 780, ал жылына 284 мың адамды құрайды. Демек темір жол арқылы жаяу жүргіншілер өтетін орындарға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар орнату керек, – деді Қызылорда көлік прокуратурасының бастығы Еркебұлан Лесбеков.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев өткелдер мәселесін және жергілікті тұрғындармен мал-жанына ие болуын түсіндіріп жыл басынан бері 260 мәрте жиын өткізілгенін жеткізді.

– Малға қарсы қоршауларды күшейту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімінің 180 шақырымына қоршау салу жұмысын жүргізудеміз. Қалған учаскелерге қадалар қағылды, енді сымы тартылатын болады. Ал өткелдер салуға қатысты бөлімше тарапынан Белкөл, Шорнақ, Жалағаш, Арал теңізі станцияларында адам өтетін өткелдер салуға техникалық құжаттар әзірленіп берілген, оның жүзеге асуы жергілікті атқарушы органдар еншісінде, – деді ол.

Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Жанатбек Жүнүсов тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануына қатысты түсінік берді. Машинистердің сапары – деподан шыққаннан қайта оралғанға дейін түгел МСР лентасына, онан бөлек КЛУБ құрылғысына автоматты түрде тіркеліп жазылатынын айтты. Және де деподағы 134 локомотивтің барлығы байланыс құрылғыларымен толық жабдықталғанын, 670 локомотив бригадаларымен күнделікті қауіпсіздікті қатаң сақтау шараларына байланысты жұмыс жүргізілетінін, тосын оқиғалар тіркелгенде жиын өткізіліп, сарапқа салынып, қайталанбауы үшін қосымша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбаса ры Жандарбек Өтегенов станциялық жолдардағы жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жолдардың жөндеуден өткізілгенін, қосымша ескерту белгілері орнатылғанын жеткізді. Арал теңізі, Қазалы, Төретам, Жосалы, Шиелі вокзалдарындағы 1 және 2 жолдар арасындағы өтпе жолдар жаңаланған. Биыл аймақтағы бірнеше вокзал перрондары, Арал теңізі, Қазалы вокзалдарында мүгедектерге арналған пандустар, ғимарат есіктері жөндеуден өткенін және бұл жұмыстар басқа вокзалдарда да жасалатынын баяндады.

Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ақыл Әбілдаев теміржол өтпелерінің екі жағына қойылатын автожол белгілерін анықтап, жаңалап қайтадан қою жайлы ұсыныс айтты. Мәселен, ескерту белгілерінен «шлаг- баум», жылдамдықты шектейтін «20», «40» деген белгілердің теміржол өткеліндегі автожолға қойылса деген ұсыныс білдірді. – Бүгінгі еркін форматта өткен дөңгелек үстел басында айтылған ұсыныс-пікірлердің бәрі протоколға енгізіледі. Себебі мұның бәрі – аймақ үшін ортақ абырой, техниканың, адамның амандығы, қауіпсіздігі үшін жасалатын шаралар. Прокуратура үйлестіруші орган болғандықтан біздер мен сіздер болып бірлесе жұмыс жасау арқылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруға жұмыс жасайық, – деді Қызылорда көлік прокуроры Жасұлан Лесбеков.

Жиынды қорытындылаған бөлімше директоры Аманкелді Қонысбайұлы Шұғыла шағын ауданы тұсындағы ескі теміржол өткеліне жаңа көпір салу ұсынысы жергілікті атқарушы органға бірнеше рет жөнелтілгенін және де алдағы жылдары Шиелі, Арал теңізі және Жаңақорған станцияларында өткел салу жоспары облыстық мәслихат депутаттары тарапынан мақұлданғанын білдірді 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды