Ластанған жер залалсыздандырылуда

Аймақтар
09.12.2019, 11:42
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнайлы өлкеде шешімін таппай келе жатқан экологиялық мәселелер бар. Соның бірі теміржолға да қатысты. 

Мәселенің мән-жайын әріден бастасақ, бұрын қала орталығындағы Ақжайық станциясының қарсы бетінде вагондарды жуу-булау станциясы болған-ды. Мұнда бүкіл вагондар мұнай қалдықтарынан арнайы құралдар арқылы жуылып, тазартылып отыратын. Ол жұмыстарды жекеменшік саналатын «Ақжайық Запад 2006» ЖШС атқарып келген. Бірақ көп ұзамай аталған серіктестік өз жұмысын тоқтатып, станцияны сол күйінде тастап кеткен. ҚТЖ иелігіндегі ол жерге ешкім назар аудармаған. Тек 13 жыл өткен соң жуық маңда тұратын тұрғындардың шағымынан соң билік пен БАҚ өкілдеріне жеткен. Сонан соң құзырлы органдар мәселені зерттеуге көшіп, қоршаған ортаға зияны барын анықтаған соң, ҚТЖ Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне мәселені шешу, лас орынды тазалау жөнінде нұсқама беріпті. Станция орнында бос цистерналар, қаңырап қалған ғимараттар, эстакадалар мен мұнай қалдықтары қалған. Атырау экология департаментінің басшысы А.Сафиннің айтуынша, станция басындағы экологиялық зардаптар жойылуы тиіс.

– Экология департаменті Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде осы ластану фактісі бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Атырау ЖТ бөлімшесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жоғарыда аталған станцияны «Ақжайық Батыс-2006» ЖШС пайдаланғанын айта кету керек, бірақ бүгінде бұл кәсіпорын жоқ. Тексеру нәтижесінде топырақ жамылғысының ластануына 2006 жылдан бастап ЖШС таратылғаннан кейін қалған металл ыдыстарда сақталған мұнайдың себеп болғандығы анықталды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі мәселені шешу бағытында әуелі жүздеген адам жұмылдырылған экологиялық сенбілік өткізді. Бүгінде тазалық жұмыстарының екінші кезеңі жүріп жатыр. 13 жыл бойына жиналып қалған мұнай қалдықтары шығарылып, утилизациялануда. Ондаған тонна концерегендік мұнай өнімдері бүгінде тазартылды. Эстакадалар бұзылып, ескі рельстер алынып тастал ды, орны тазартылып жатыр. Біз осы жұмыстарды атқаратын маманданған арнайы компаниямен келісімшартқа отырдық. Қазіргі уақытта 170 тонна ластанған топырақ, 30 тонна темір қалдықтары шығарылды. Тазарту жұмыстарына жүзден астам адам мен әр түрлі техникалар қатысып отыр. Таяу күндері бұл жер толықтай тазартылып, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін болады, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров. Қоршаған ортаға зиян келтірілген станция басындағы жасалып жатқан бұл жұмыстар нәтижесінде зардап толық жойылады деген сенім бар. Ал болашақта бұл жерде үлкен логистикалық орталық құрылады деп жоспарлануда екен.   

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды