Жеңіске әркімнің де бар таласы...

Аймақтар
26.12.2019, 17:04
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде 2 мыңның үстінде теміржолшы тұратын Аягөз станциясында сала қызметкерлерінің спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын ұстанулары үшін барлық жағдай жасалған. 

Сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайта отырып, бұқаралық спорт түрлерін дамыту – ұлттық компанияның қызметтік саясатының басымды бағыты. Осынау орайда биылғы жылы да аягөздік теміржолшылар түрлі спорттық сайыстарды жиі өткізіп, қалалық, облыстық бәсекелерде топ жарды.

Жыл қорытындысы бойынша Аягөздегі барлық теміржолға қарасты мекемелерден жасақталған 10 команда арасындағы жүлдегерлер анықталды. Соның нәтижесінде аягөздіктер арасында бірінші орында Аягөз локомотив жөндеу депосының теміржолшылары тұр. Команда капитаны Бақытжан Табанов бастаған сұрмерген теміржолшылар тек қаладағы әріптестерін ғана емес, шаһар бойынша өткізілген спартакиадада өзге мекемелер футболшыларын да ойсырата ұтып, жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

– Бүгінгі таңда Аягөз қаласында теміржолшы жас буынның қатары көп. Биылғы жарияланған Жастар жылы аясында өскелең буынның қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында Аягөзде де бірқатар шаралар қолға алынған болатын. Соның ішінде спорттық сайыстарға ерекше көңіл бөлінді. Айта кетерлігі, біздің жігіттеріміз де жарады. Жолдастық кездесулерден бөлек «Харекет» қайырымдылық қоры үшін «1000 теңгеге – баспана» акциясы аясында да футболдан кездесулер өткізіп, теміржолшылар атынан зор үлес қостық, – дейді Аягөз локомотив жөндеу депосының басшысы Асқат Тлеубаев.

Ал түрлі сайыстарда жүлде салып жүрген Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясы мен Аягөз станциясының спортшылары кейінгі орындарға жайғасты. Мұндай спорттық шаралар қатары алдағы 2020 жылы да осы қарқынмен жалғаса беретін болады дейді аягөздіктер.     

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады