Қауіпсіздіктен қымбат ештеңе жоқ

Аймақтар
11.02.2020, 09:51
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджерлері Орынова Гүлзипа мен Жатқанбаева Алтынай өткізген семинар теориялық сабақтар бойынша жаттығулар түрінде болып, қатысқандарға тақырып аясында мол мағлұмат берді.

Шараға Атырау жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлішесіне қарасты өңірде еңбек етуші барлық құрылымдық бөлімше басшылары мен бас инженерлері, станция басшылары, қауіпсіздік жөніндегі жауапты мамандар, барлығы 130 адам қатысты. Теориялық сабақта оқиғаны тіркеу бойынша нөлдік жарақаттану, қауіпсіздік мәдениеті, заң талаптарының реестрін жүргізу бойынша ұсынымдар, қауіптілікті бағалау және оны басқару, оқиғаның шығу тегін табу, қауіпсіздікке деген көзқарасты түсіну, жеке қауіпсіздікке қатысты қайшылықты жағдайды қарастыру, күнделікті қауіптер туралы хабардар болу,

«Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогы» ұғымына не жатады, не жатпайтынын білу, бір-біріне қамқорлық жасауға және көмек қажет болған кезде дайын болатын қарымқатынасты орнату, жеке қауіпсіздікке әсер ететін барлық әрекеттерге дайын болу сынды көптеген тақырыптар қамтылды.

Сондай-ақ, жауапкершілік әр адамға қатысты екені айтылып, «біз өзімізден не күтеміз, мен басшы ретінде қауіпсіздік қағидаларын ұстанамын ба, мен қызметкерлерге үлгі көрсетудемін бе, қауіпті әрекеттердің салдарымен жұмыс жасаймын ба, мен «Қауіпсіздіктің мінезқұлықтық диалогын» саналы түрде өткіземін бе?» деген сауалдар төңірегінде ой-пікірлер көтеріліп, оған жауап ізделді.

Бұл шын мәнінде қатысушыларға терең ой салатын, тұжырым жасайтын танымдық дәріс болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті менеджері Г.Орынованың айтуынша, бұл кестеге сай өткізіліп жатқан семинар, жылына кем дегенде 4 рет өткізіледі. Мұндағы мақсат кемшілік тауып, жазалау емес, керісінше, сол кемшіліктің алдын алу, болдырмау жағын күйттеу, яғни қауіпсіздік мәдениетін сақтауға үйрету. «Сол мақсатта теориялық сабақта да, практикалық түрде де қауіпсіздіктің алдын алу жағына басымдық бердік. Әлемде қарапайым ғана қауіпсіздікті сақтамағаннан жылына өндіріс орындарында 3 млн астам адам қазаға ұшырайды екен. Ал темір жол – өте қауіпті жұмыс. Сондықтан біз теміржолшыларға жұмыс орнында аса сақ болуды, үйде оларды отбасы, бала-шағасы күтіп отырғанын үнемі ескертеміз» дейді маман.

ҚТЖ-ның цифрландыру үдерісіне ілесіп, бұл бағытта талай жетістіктерге жетіп жатқаны белгілі. Мысалы, бүгінде мобильді қосымша енгізілуде. Семинар барысында «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогы» мобильді қосымшасын тіркеу және пайдалану нұсқаулығы үйретіліп, оны PlayMarket, Android және QR құрылғысы арқылы жүктеу тәртібі түсіндірілді. Соңынан 2018 жылдың 4 сәуірінде Шу-Луговая учаскесінің ТәттіАспара аралығында Ақадыр жол дистанциясы жұмысшыларымен болған қайғылы оқиғаның бейнеролигі көрсетіліп, сол оқиға кезінде ауыр жарақат алған Ақназар Муталипов Атырауда өтіп жатқан осы семинарға арнайы келіп, қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы жөнінде әңгімелеп берді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев егер Ақназар келісімін беріп жатса, даярлық курстарынан өтіп, қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқитын ішкі жаттықтырушы болуға ұсыныс жасапты. Бұл келісімді Ақназар да қуана қабылдаған. Міне, бүгінгі семинарда кезінде өндірістік жарақат алып зардап шеккен жанның өз аузымен айтқандары көпшілікке жалаң баяндамадан гөрі әсерлі шыққанын аңғару қиын болмады.

Жалпы, екі күндік семинар мазмұнды өтті деуге болады, ол туралы қатысушылардың пікірі бірауыздан осыған саяды. «Мұндай семинар-тренингтердің өтіп тұрғандығы аса маңызды. Құрылымдық бөлімше басшылары мен бас инженерлерінің түгелдей қатысуы да олардың осындай шынайы қауіпсіздік жөніндегі сабақтарға мұқтаждығы артып, «шөлдегенін» білдіреді. Теориялық сабақтар жанды, шынайы өтті. Ол үшін мамандарға рахмет айтамыз. Ал біз өзіміздің білімімізді толықтырып, жауапкершілігімізді арттыра түстік», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Абай Есқалиев.

Ең бастысы, семинарға қатысушылар Компанияның өндіріс орындарында жұмыс істеп жатқан кез келген жұмысшы өміріне қауіп төнгенін сезген сәтте, қауіпті еңбекті тоқтатып, өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға құқылы екенін ұғынды. Енді олар өз жұмыс орындарында семинардан алған білімдерін жұмысшыларға үйретеді. Қатысушылар мамандарға мұнан басқа да көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауап ала білді.

Қауіпті аймақ саналатын теміржолда қауіпсіздіктен қымбат ештеңе жоқ. Бірінші кезекте – өндірісте қауіпсіздіктің сақталуы, локомотив пен вагон қауіпсіз болсын, жол қауіпсіз болсын. Онда еңбек ететін адамдар қауіпсіз ортада жұмыс істесін. Сонда ғана біз шын мәнінде саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті