Тиімділігі талас тудырмайды

Аймақтар
19.03.2020, 10:22
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақтағы экологиялық ахуалға байланысты тұтынушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді ойластырған «Теміржолсу-Қызылорда» серіктестігі бірнеше жыл бұрын «Таза су» құрылғысын іске қосты. Қазіргі таңда тұтынушылардың басым бөлігі осы сапалы суды пайдалануда.

Судың сапалылығы дүкендерде сатылатын асханалық ауыз сумен салыстыруға қабілетті, сапалы, пайдалы екені анықталған. Тіршілік көзі саналған суды ысырапсыз төкпей-шашпай пайдаланатын аймақ теміржолшылары бекет тұрғындарының да осы ұстанымды ұстануын талап етеді. Әр абоненттің ауласына дейін кіргізілген таза су құбырына есептегіш құралы орнатылып, уақытылы төлем алынады.

«Теміржолсу-Қызылорда» мекемесі тұрғындарды сапалы сумен қоса жылумен де қамтамасыз етеді. Бұған дейін жылу қазандығын қатты отын – көмірмен жылытып келген мекеме бірнеше жылдан бері қазандықтарды кезең-кезеңмен көгілдір отынмен жылытуға көшіруде. Қазіргі таңда «ТеміржолсуҚызылорда» ЖШС теңгерімінде 8 жылу қазандығы бар. Осы қазандықтардың төртеуі көгілдір отынға қосылған. Бөлімшенің Жаңақорған және Шиелі станцияларында, Белкөл бекетінде көгілдір отынның жүргізілуіне байланысты қоршаған ортаны ластауды азайту, жұмысшылардың санитарлық жағдайын жақсарту, жұмысшыларға әсер ететін зиянды факторларды кеміту мақсатында көгілдір отынға ауыстырылған қазандықтар өз нәтижесін беріп отыр дейді басшылық.

– Атап айтқанда, Шиелі станциясында орналасқан пост ЭЦ ғимараты 2016 жылы, УПЧ ғимараты 2017 жылы, Жаңақорған станциясында орналасқан жылу қазандығы 2018 жылы, Белкөл станциясында орналасқан жылу қазандығы 2019 жылы көгілдір отынға көшті. Жылу қазандықтарында апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында қазандықтар орнатылған ғимараттарда газ иісін анықтайтын газ сигнализаторлары орнатылды. Көгілдір отынға көшкен сәттен бастап қоршаған ортаға таралатын зиянды заттар едәуір азайды. Жұмысшылардың санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсарды. Көгілдір отынға жұмсалатын қаражат қатты отын-көмірге қарағанда 40%-ға дейін үнемдеу байқалды. Осылайша табиғи газды тұрмыста тиімді пайдалануға көшкен мекемемізде қаржы үнемделіп, тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалуда, – дейді «ТеміржолсуҚызылорда» ЖШС бастығы Марат Шайжан.

Аймақта өндірілетін табиғи газды тиімді пайдалануды арттыру мақсатында мекеме есебіндегі өзге қазандықтарды да газға көшіру жұмыстары қолға алынып, қажетті жұмыстарға дайындық жүргізілуде екен. Яғни, мекеме еншісіндегі 4 жылу қазандығын да алдағы жылдары толық көгілдір отынға көшіру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы Тереңөзек станциясындағы жылу қазандығы табиғи газға көшіріледі деп күтілуде. Осы мақсатта қазандыққа қажетті жобалықсметалық құжаттар әзірленуде екен. Және де бүгінгі күнге көмірмен жағылып жылу тарататын жылу қазандықтарында көмір қоры жылу маусымының аяғына дейін толық жетеді. Алыс-жақын шағын бекеттердегі тұтынушылардың пайдалануындағы таза суды тұтынушыларға таратушы мекеме теміржолшылары уақыты дәрігерлік-лабораториялық тексеруден өткізіліп, денсаулығының жұмыс жасауға жарамдылығы белгіленеді.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді