«Көк қуалап» жайылған мал көбейді...

Аймақтар
24.04.2020, 08:23
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шаралары қатаң сақталып, қозғалысқа кедергі келтіретін апат, тосын оқиға секілді жағдайлар тіркелмегенмен, өкінішке орай, жолға мал мен жанның шығуы сиремеген.

Бұл жайында бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Бақытбек Сәрсенов мәлімдеп, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру шараларынан хабар берді. Маманның пікірінше қазіргі төтенше жағдай кезінде әрбір теміржолшы өз міндеттерін, тіпті бірқатары қашықтан жұмыс істеу тәсіліне көшсе де жоғары жауапкер шілікпен атқаруда. Магистральдық желі бойымен жүйткіген пойыздар саны төтенше жағдайға байланысты сирегенмен жүк пойыздарының қозғалысы сақталуда. Ал көктемнің келуімен далада «көк қуып» иесіз жайылған мал көбейіп, қозғалысқа қауіп төндіріп жатқаны да шындық.

– Жылдың алғашқы тоқсанындағы жағдайға тоқтала кетсек, бөлімше телімдерінде тепловоз машинистері 15 рет шұғыл тежегіш қолданған, оның ішінде 4 жағдайда мал басу оқиғасы, 7 жағдайда жолға қараусыз малдың шығуы және 4 жағдайында адамдардың белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуінен орын алған. Өкінішке орай 3 адам басу оқиғасы тіркелді. Олар қаңтар айының 8-ші, 21-ші, 23-ші жұлдыздарында Қызылорда-Қараөзек, Қызылорда-Белкөл аралықтарында абайсызда пойыздың астына түсіп қайғылы жағдайға душар болды. Олардың екеуі оқиға орнында қайтыс болып, біреуі екі аяғынан айырылып, мүгедек болып қалды. Міне, осы деректерді алға тарта отырып, темір жолды рұқсат етілген жерлерден ғана және өте сақтықпен өту керектігін ескертуден кенде емеспіз, – дейді қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы.

Десе де, жүргізіліп жатқан ісшараларға қармастан темір жол төңірегінде мал бағу ережелерінің сақталмауы салдарынан қараусыз малдардың жолға шығуы, автокөлік иелерінің теміржол өтпесінен өту ережесін сақтамауы сынды келеңсіздіктер тыйылмай отырғаны қынжылтатынын айтады маман. Жергілікті тұрғындарға малын қараусыз қалдырмауын түсіндіріп бөлімше теміржолшылары карантин кезінде де жұмыс жүргізіп, жергілікті атқарушы билік орындарына хат жолдауда.

– Бірақ одан нәтиже көре алмай отырмыз. Көктемнің келуімен тұрғындар қыс бойы қорада тұрған малын көкке жайылсын деп шығарып жіберу көбеюде. Азаматтарға темір жолдан өту мен жол бойында мал бағу ережелерін қатаң сақтамаған жағдайда кінәлілер ҚР Әкімгершілік Кодексінің 559-тармағының 1-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және келтірілген шығындарды өтейтіндерін тағы ескертеміз, –дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Бақытбек Сәрсенов. 


Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады