Үнсіздік жайлаған шиелі

Аймақтар
28.04.2020, 11:57
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі станциясында тәуліктің қай мезгілі болмасын бір толас таппайтын вагондар құрамының қозғалысы сиреген. Станциялық жолда пойыздан жүк вагондарының бірін ажыратып, екінші бірін маневрлік тепловозбен сүйрелеп жылжымалы құрамға тіркеп жүрген тек вагон құрастырушының қарасы көрінеді. Оның өзі бет аузын тұмшалап алған, рациямен әлдекімге команда беріп өз жұмысымен айналысуда.

 Бұл – тәулік бойы адам нөпірінен арылмайтын теміржол станциясындағы қазіргі тіршілік... Ал, ғасырлық тарихы бар көне вокзал қақпасына бүгінде қара құлып салынған. Әр кірпішінде терең тарихтың куәсі жасырынған ғимарат жолаушысыз сүреңсің, мұңды көрінеді... Себеп, әрине жолаушылар пойызы қатынасына шектеу қойылуы.

Станциялық жолдарда қазір маневрлік тепловоздың ғана қарасы көрінеді. Үнсіз тіршіліктің орын алуына әлемді шарпыған пандемияның әлегі себеп болып отыр. Дегенмен, Шиелі станциясының теміржолшылары бөлімше басшылығының коронавирус пандемиясынан сақтану шаралары жайлы жариялаған бұйрығын қатаң сақтай отырып кәсіби жұмыстарын оңтайландырылған тәсілмен жүргізуде.

Станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаровтың мәлімдеуінше шиелілік теміржолшылар өздерінің кәсіби міндетін барынша сақтық шараларын қатаң сақтау тәсілімен атқаруда екен. Жиналыстар мүмкіндігінше азайтылып, жұмыс орнында басы артық адамның жиналмауы, өзге мекеме теміржолшыларымен сөйлесу мәжбүрлігі туындағанда ара қашықтықтың сақталуы, үнемі қорғаныс киімдерімен жүру, жүк құжаттарын рәсімдеу және жүк тасымалдау қызметін пайдаланушы клиенттермен онлаин тәсілімен жұмыс жасау жолға қойылған екен. Өйткені, Қызылорда облысы бойынша Шиеліде қауіпті вирустың көбейіп отырғаны баршаны алаңдатады. Станциялықтар жылдың алғашқы тоқсанында 109 пойыздан 5159 жүк вагонын ажыратып, 136 пойызға 5439 вагонды тіркеген екен.

Ал, наурыз айында 31 пойыздан 1715 вагонды ажыратып, 56 пойызға 1650 жүк вагонын құрамға тіркеп жөнелткен. Наурызда 360 жүк вагонына 14394 тонна жүк тиеген теміржолшылар 929 вагоннан жүк түсірген. Сөйтіп, наурыз айында жұмыс көрсеткіштерін 98-230 пайыз аралығында орындаған шиеліліктер жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыс көрсеткіштерін 100-215 пайыз аралығында асыра орындап отыр.

– Аймақта карантиндік шектеу жарияланғалы барлық сақтық шаралары сақталуда. Теміржолшыларға ауысым алдындағы пысықтау инструктажында да, жұмыс арасындағы үзілісте де ескерту жұмыстары жүргізілуде. Теміржолшылардың барлығына қорғаныс заттары таратылды. Жұмыстан бос уақытта тек үйде болуға тапсырма берілді. Дене температурасын өлшеп отыру, бетпердені тағу, үйден тек жұмысқа келу үшін және дәріхана мен азық-түлік алу мақсатында ғана, онда да ең жақын дүкенге қатынау керектігі ескертілуде, – деді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді