Өз күштерімен өткізіп жатыр

Аймақтар
28.04.2020, 12:08
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Елдегі төтенше жағдайға байланысты биыл көктемгі тексеруге комиссиямен шығуға тыйым салынуына байланысты, әр мекеме басшылықтың қадағалауымен тексерісті өздері өткізетін болды. Соған сәйкес, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде тексеру жұмыстары сәуір айында басталды.

Онда қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, байланыс, электр құралдарының жағдайы, вагондардың жағдайы, темір жолдың қазіргі күйі, сондай-ақ теміржолшылардың білім мен біліктілігі, жеке мәслелелері де қаралуда. Ганюшкино-Д.Нұрпейсова телімі, ГанюшкиноИсатай, Исатай-Қызылжар телімдері, сонан кейін Махамбет, Атырау, Ақжайық, Мақат станциялары, Мақат-Құлсары, Сағыз-Мақат телімдері, телімдердегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. құрылымдық бөлімшелер басшылығы өздері тексеріс жүргізіп, сол жерлерде талқылау жұмыстарын да жүргізуде.

Жалпы, биылғы жылдың үш айында пойыз және маневрлік жұмыстарда өңірде өндірістік жарақат алу оқиғасы болған жоқ. Бөлімшеде пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша нәтижелер жақсы деңгейде келе жатыр.

«Ал былтырғы тексеріс кезінде орын алған станцияларға тән кемшіліктер – темір жол торабында болған келеңсіз жағдайлар тіркеле бермейді, станция қызметкерлері тарапынан нұсқаулықтар дұрыс жүргізілмесе, кейбірінде радиобайланыс жеткіліксіз болып қалады.

Станцияларда кезекшілер жаңа нұсқаулықпен жұмыс жасауға біртіндеп көшуде, білімін жетілдіру, жүк қабылдап-жөнелту бойынша ескертпелер болды. Жол дистанциялары бойынша, кейбір учаскелерде, шпалдың және рельстің, бұрмалардың ақаулығынан жылдамдықты шектеуге тура келген. Сондықтан бұл кемшіліктерді жедел қалпына келтіру қажет.

Сигнализация және байланыс дистанциялары бойынша негізінен электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер болды. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады.

Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушылар тарапынан пойыздың жүруі, автотежегішті басқару, машинистке қатысты басқа да кемшіліктерді анықтау қажет. Локомотив бригадаларының бақылау-нұсқау сапарлары, пойыз машинистерімен радиобайланыс дұрыс ұйымдастырылмаған жайттары да кездесті.

Вокзалдар мен жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты барлық разъезд ғимараттарын әктеп-сырлауға, айналаны таза ұстауға көңіл бөлу қажеттігі ескертілді. Биыл осы олқылықтар жойылып, бәрі қалпына келді деп есептейміз. Тексеру қорытындысы туралы әр құрылым жазбаша түрде есеп береді» дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұлов.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді