Жауапкершілік жүгі ортақ

Аймақтар
05.06.2020, 09:40
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жосалы станциясындағы оңтүстік алқымда жұмыс істеп жатқандар Қазалы жол және белгі беру дистанцияларының жосалылық телімінің теміржолшылары екен. Олар бүгін бекеттің оңтүстік алқымындағы станциялық жолдарға техникалық күтім жасау жұмыстарын бекітілген кесте бойынша өткізіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға өз үлестерін қосуда.

Станция жолындағы 13-ші бағыттамалық бұрмаға күтім жасау жұмысы Қазалы жол дистанциясының Жосалы телімінің жолшылары күшімен, СОБ аға электромеханигі Жаңабек Кемелбаевтың басшылығымен өткізілуде екен.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты күннен қорғану үшін бет-ауыздарын тұмшалап алған теміржолшылар жол қауіпсіздігін сақтау үшін еш кедергіге мойын алдырмастан өз жұмыстарын атқаруда.

Бірі шаблонмен рельс пен бағыттамалық бұрманың үшкір ұшының арасын өлшемге алса, екінші бірі оның өлшемін бақылауға алып бұрма білегінің тартымын тексеруде, ал жолшылар болса құралдарымен бекіту, нығайту жұмыстарын атқаруда. –

Пойыздар жүріп жатқандықтан біздің жауапкершілігімізге тапсырылған жұмыстардың уақытылы жүргізілуіне жауаптымыз, оны орындау үшін бізге ештеңе кедергі болмайды.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын арттыру үшін бүгінгі графиктік жұмысты жол дистанциясының теміржолшыларымен бірге атқарудамыз.

Техникалық күтім жұмыстары әр апта сайын жүргізіледі. Өлшем кезінде бұрма ұшы үшкірінің негізгі жолға кіріге отырып ашылып-жабылу өлшемі қолымыздағы 2 мм, 3 мм және 4 милиметрлік өлшемі бар шаблонмен жасалады.

Бағыттамалық бұрма ұшы мен рельс арасы техталап бойынша 2 мм саңылаумен жабылуы керек. Мына 13-бағыттамалық бұрма ұшының ауытқуын қажетті өлшемге келтіріп бекітіп, бақылаудан өткіздік, – деп тәптіштей түсіндірді СОБ аға электромеханигі Жаңабек Кемелбаев жүргізіліп жатқан жұмыс жайын.

Қауіпсіздік теміржолшылардың бәріне ортақ, десек те, электромеханик Талғат Телеубаев, жол дистанциясының жолшылары Ғали Нұржанов, Нұрлан Ақышев пен Мұрат Құдабаевтардың еңбегін ерекше атап өтті.

– Жұмыс кезінде біздер бағыттамалық бұрманың электрге қатысты және өлшем алу жұмысын жасасақ, жолшылар рельс бекітпелерінің бекітілуін тексеріп, күтім жасады, жолдардың шөп-шаламнан тазарту жұмыстарын атқарды. Біріміздің жұмысымызды екіншіміз бақылау жасап, тексеріп отырамыз, өйткені, жауапкершілік бәрімізге ортақ, – деді аға электромеханик.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады