Төрт түлікке тыйым бола ма?

Аймақтар
19.06.2020, 10:12
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар үнемі көтеріп жүретін өзекті тақырыптың бірі – мал басу, яғни темір жол бойында төрт түліктің бағусыз жүру мәселесі. Қазіргі жаз мезгілінде далада қараусыз өріп жүрген мал көп. Олар теміржол қозғалысына үлкен кедергі келтіруде.

Айталық, 2018 жылы өңірде жүк және жолаушы пойыздары 8 рет мал басып кетсе, 2019 жылы 11 оқиға тіркелген. Әсіресе, сиыр, түйе және жылқы малдары жол бойында жортып жүріп ажал құшады.

Биылғы бес айда да екі оқиға орын алып, мал басу азаймай тұр.

Теміржолдың қауіпті аймақ екенін бәрі де біледі, сөйте тұра пойыз астынан өтетіндер, малды жол бойына жаятындар азаяр емес.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі қауіпсіздік инженері Ф.Қазжанованың айтуынша, биылғы жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзу, адам басу, жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

«Жолда – адам» ережесіне сәйкес теміржолдан рұқсат етілмеген жерден өту бойынша алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Аталған тақырыпта елді мекендер мен мектептерде жиындар өтіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланған. Соған қарамастан жаяу жүргіншілер өткелі бола тұра, адамдар рұқсат етілмеген жерден және пойыз астынан өтуді тоқтатар емес.

Былтыр Атырау станциясының ПГ-1 бағдаршамынан 67 метр жерден өлген адамның мүрдесі табылған. Ол 1981 жылы туған Атырау қаласының М.Р. есімді тұрғыны екен, станция жолдарының рұқсат етілмеген жерінен өтуі кезінде пойыз қағып кеткен. Жолда мал көп жүреді.

Әсіресе қауіпті саналатын телімдер Атырау-Махамбет, Махамбет-Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, ҚұлсарыШоқпартоғай, Жантерек-Мұқыр-Сағыз, Ганюшкино-Атырау аралықтары. Теміржолшылардың айтуынша, бұл мәселені жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының араласуынсыз шешу мүмкін емес.

Соған орай аудан әкімдеріне малды теміржол бойына жаймау, бақташы қою, мал иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізу жөнінде талай хаттар да жазылып жатыр, бірақ нәтиже көңіл көншітерліктей емес. Мал бағу ережелері туралы мыңдаған адамға арнайы көшірме берілсе де, 2019 жылы жол бойындағы малдың кесірінен жүріп келе жатқан пойызды 33 рет шұғыл тоқтату орын алған.

Былтыр осындай 57 оқиға орын алып, мал басудың 11 оқиғасы тіркелген. 8 малдың иесі табылып, оларға әкімшілік жаза қолданылса, қалған үшеуінің иесі таптырмай кеткен.

Ондай жағдайда шұғыл тежеудің шығынын «ҚТЖ» АҚ өтеуге тура келеді. Сондықтан бұл жерде мал иелері мен жергілікті әкімдікті шығынды төлеуге міндеттеуді заң жүзінде бекіту қажеттігі туындайды.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде жыл сайын жол дистанцияларының өз күшімен теміржол бойына малдан тосқауылшарбақ салу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бүгінде 224 шақырымда қоршау бар, ол барлық ұзындықтың тек 27 пайызы ғана. 2015 жылдан бастап жол дистанциялары бойынша жолдарға мал өтпейтін шарбақ салу жұмыстары бір жылында 6, енді бір жылда 18, 10 км жүргізілген. Ал 2018 жылы 36 км жоспарланса, нақтысы 54,4 шақырымға жасалған.

Былтыр жоспардағы 48 км орнына 55 км салынып, 17 км қоршау жөнделген. Былтыр бөлімше қаражатына мал иелеріне 1000 дана жарықшағылдырғыш таратылған.

Оның көмегі сол, түнгі уақыттарда мал мойнына байланған жарықшағылдырғыш машинистерге жарық беріп, алыстан көрініп тұрады. Мал басудан қорғайтын осындай шаралар орындалып жатыр, әйтсе де жол қапталын түгел қоршаса ғана мал басудан қорғануға болады, ал оған қыруар қаражат қажет...

Тығырықтан шығу үшін бөлімше басшылығы мал көп жүретін темір жол аймақтарында жол қорықшы лауазымын да енгізген. Ол нәтижесіз де емес көрінеді. Әйтсе де, бір мал басу фактісінің өзі ҚТЖ үшін қыруар шығын екенін мал иелері қашан ескереді? 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді