Құрылғыларға күтім қажет

Аймақтар
11.08.2020, 10:46
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалмауын қадағалап, оларға уақытылы ағымдық күтім жасап, үнемі бақылап отырады.

Бүгін дистанция теміржолшыларының станцияның солтүстік алқымындағы байланыс құрылғыларына кезекті ағымдық күтім жасауға кірісіпті. Кәсіби теміржолшы Ғани Ысқақов басқаратын ұжым, ең бастысы, қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты сақтық шараларын назарда ұстайды.

Ағымдық күтім жұмысы дистанцияның аға электромеханигі Досан Нұржаубаевтың басшылығымен Қуаныш Әмитов және Сәкен Аңсатбаев тарапынан мачталы НМ8 бағдаршамына жасалуда екен.

Электромеханиктер Сакен мен Қуаныш мачталы бағдаршам бағанасына саты арқылы шығып, бағдаршамның жарық көрінісін тексеріп, ток көзінен беріліп тұрған электр қуатының кернеуін өлшеп, құрылғының бірқалыпты жұмыс жасауы үшін тексеру жүргізіп, бақылаудан өткерді.

– Байланыс құрылғыларын кезек-кезегімен тексеріп, олардың жұмыстан тыс қалмауына бақылау жасау – біздің кәсіби міндетіміз. Бағдаршамдар бекітілген кесте бойынша тоқсан сайын технологиялық жағдайына байланысты тексеріліп, ағымдық күтімнен өткізіледі. Немесе орын алған тосын жағдайға байланысты кезектен тыс тексеріліп, анықталған ақау дер кезінде орнына келтіріледі. Ағымдық күтім барысында электромеханиктер бағдаршам жарығының қажетті аумаққа жарық беруін тексерді, бағдаршамға беріліп тұрған электр қуатының кернеуін арнайы құрылғымен өлшеп тексеруден өткізді. Әзірге бағдаршам жұмысында кінәрат жоқ, құрылғылар күтімі мінсіз болса, қозғалысқа да кедергі жоқ, – деді электромеханиктердің жұмысын бақылап тексеріп жүрген аға электромеханик Досан Нұржаубаев.

Ең бастысы, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, дистанция телімдерінен жылжымалы құрамдарды кідіріссіз өткізуді мақсат тұтқан теміржолшылар, әрине, құрылғылармен жұмыс жасағандықтан ең бірінші техникалық қауіпсіздікті сақтауды назарда ұстайды.

Сондықтан құрылғылармен жұмыс кезінде кемінде екі-үш адамнан топ құрып жұмыс жасайды. Қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты одан артық топтасуға рұқсат жоқ.

Қазалылық байланысшылар ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында жаман жұмыс істеген жоқ, барлық жұмыстар кестеге сай атқарылуда, дистанциялықтар кінәсінен құрылғылар күтімінен қозғалысқа кедергі келген жоқ. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады