Қызылордада қауіп-қатер азаймай тұр

Аймақтар
21.08.2020, 13:10
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің қауіпсіздік бөлімі мамандары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар атқаруда. Дегенмен теміржол бойын жағалап жайылған иесіз мал мен бөгде адамнан пойыз қозғалысына төнген қауіп азаймай отыр.

Бұл жайында қауіпсіздік бөлімінің бастығы Бегей Құлахмет мәлімдеп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға шолу жасаған болатын. Маманның мәліметіне жүгінсек, жыл басынан бергі жеті ай ішінде тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануының 61 жағдайында қараусыз мал мен бөгде адамның рельс үстіне шығуы орын алған екен. Оның ішінде 17 рет ірі қара мал басу оқиғасы, 34 мәрте қараусыз жайылған малдың жолға шығып, бөгет болуы, 10 рет бөгде адамдардың пойыз алдына шығу оқиғасы тіркеліпті. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде де 46 рет шұғыл тежеу орын алған.

Теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін ескерткен теміржолшылардың үгіт-насихатына жергілікті халық құлақ қойып тыңдау, сақтану шаралары мардымсыз болып отыр. Жыл басынан бері, яғни карантин жарияланғанға дейін, Сексеуіл жол дистанциясында 13 рет, Қазалы жол дистанциясында 12 рет және Қызылорда жол дистанциясында 155 рет теміржолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен насихат жұмыс жүргізіліпті. Жалпы жыл басынан бері 10873 жергілікті тұрғынмен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, жол бойында мал бағу ережелерімен таныстырылған. Олардың қараусыз жайылған малы пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, жол бойында ұсталса, заң жүзінде айыппұл салынатыны және әкімшілік шара қолданылатыны ескертілген.

Ағымдағы жылы иесіз малдың темір жол бойында жайылуына жол бермеу үшін бөлімше басшысы Ибраким Басықараевтың басқаруымен 38 шақырымдық аумаққа тартылған темір сым қоршауы жөндеуден өткізіліп, 19 шақырымға жаңадан сым қоршау тартылған. Жалпы мал шықпас үшін теміржолдың екі жағы сым қоршаумен жеткілікті қоршалғанмен, қараусыз малдың теміржолға шықпауына тосқауыл бола алмай тұр.

– Жыл басынан бері теміржол бойындағы автокөлік өткелдеріндегі жағдайды жақсарту мақсатында үгіт-насихат жұмыстары күнделікті жүргізілуде, алайда бұл жағдай да мәз емес. Кейбір автокөлік иелерінің теміржол өткелдері жабық тұрса да пойыздың алдын кесіп өтпек болған әрекеттері тіркеліп, бұл жайында жергілікті әкімшілік пен құқық қорғау органдарына хат жолданып, өткелде жол ережесін бұзу фактілері бойынша мемлекеттік автоинспекция мекемесіне мәліметтер жолдануда. Және де бөгде адамдардың, оның ішінде жасөспірім балалардың теміржол маңында жүріп, түрлі заттарды рельс үстіне қойып кету жағдайы мен жол құрылғыларын ұрлауға әрекет жасау фактілері де орын алуда. Сондықтан, теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігін және оның мемлекеттік маңызы жоғары стратегиялық нысан екенін тұрғындарға тағы ескертеміз және баршаны пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға көмек көрсетіп, оқыс оқиғалардың алдын алуға шақырамын, – дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Бегей Құлахмет. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады