Диспетчерлер - қозғалыс дирижерлары

Аймақтар
23.09.2020, 17:33
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының қызмет көрсету аумағы үш телімге: Қазалы-Жосалы аралығы, Қазалы-Сексеуіл және СексеуілҚоскөл аралығы болып бөлінген. Диспетчерлер 637 шақырымды құрайтын осы аралықта қозғалыс үдерісін басқарып отырады.

Қазіргі таңда дистанцияда байланыс құрылғылары заманауи түрге ауыстырылып жаңаруда. Соңғы уақытта дистанция бойынша 72 Альстом электрожетегі, микропроцессорлы МПЦ және диспетчерлік орталықта АСДЦ құрылғыларының орнатылуы теміржолшылардың жұмысын жеңілдетіп, жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік берген. Диспетчерлер қосынының басшысы аға диспетчер Эрик Есмаханов жағымды жаңалықтарымен бөлісіп, диспетчерлердің жұмыс орнындағы монитордан телімдердің бақылану сәтін көрсетті. 

Диспетчерлердің басты мақсаты күнделікті межелі жұмыстардың технологиялық процестерге сай орындалуына жағдай жасап, бақылап отыру екені белгілі. 

Бұл міндетті қазалылық «қозғалыс дирижерлары» мінсіз атқаруда. Толыбай Есқожаев, Қайрат Изенов, Қанапия Беклібаев, Жанкелді Еселбай және Нұрымбет Сердалиев секілді тәжірибелі диспетчерлер ең қиын телімдердің жұмысын реттеп отырады екен. Ауысыммен жұмыс жасайтын олардың әрқайсысы өз ісін жете меңгерген кәсіби мамандар болғасын жұмыстың ауыры да солардың иығына жүктелген. 

Диспетчерлер телім бойындағы қозғалысқа кедергі келтірілмеу үшін, кемшіліктің алдын алу үшін бақылау да жүргізеді. Мәселен, жол бойында, яғни жаңағы аталған үш телімде кемшілік анықталған жағдайда ақаулы участок резервке алынып, қозғалысты жанама жолмен ұйымдастыруға көшіріледі. Кемшілік анықталған орынға тиісті мекемелердің өкілдері шақырылып, сараптама жүргізіледі, кемшілік электрмен жабдықтау, байланыс не жол шаруашылығы тарапынан болуы ықтимал болғандықтан ол мекемелердің өкілдерімен тексеру жасалып, олқылықты тез арада орнына келтіру жұмыстары ұйымдастырылады. 

– Диспетчерлердің негізгі жұмысы – дистанция телімдерінде пойыздардың кестеге сай жүріп, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауын бақылау. Күнделікті технологиялық процесті қадағалап, графикпен бекітілген жұмыстардың сапалы жасалуын қамтамасыз етіп ұйымдастырып, бақылап отырады, – дейді аға диспетчер Эрик Есмаханов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады