Технологиялық нормаға сай

Аймақтар
28.09.2020, 21:08
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары күзгі байқау аясында байланыс құрылғыларын ревизиядан өткізуде. Алдағы қатаң қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жасау барысында телімдердегі байланыс нысандарына ағымдық күтім жасау, тексеріп бақылау жұмыстарын күшейте түскен. 

Байланыс құрылғыларының кедергісіз жұмысы пойыздардың қауіпсіз қозғалысының кепілі саналатындықтан әр теміржолшы өздеріне бекітілген тапсырмаларды мінсіз атқарып, құрылғылардың монтаждалу құрылымын, герметикалық қорғаныс қабатының жағдайын, сызбасы бойынша орналасуы секілді ерекшеліктерін назарға алып, барлық параметрлері иненің көзінен өткізілгендей қырағылықпен тексеріліп, қажетті техникалық күтім жасап жатыр. 

Қазалылық байланысшылардың күзгі комиссиялық тексеруге әзірленіп, қыс маусымына құрылғыларды дайындау барысын көзбен көріп, көңілге түйдік. 

Электромеханиктер Мейрамбек Баукешов пен Сәкен Аңсатбаев мегометрдің көмегімен құрылғылардың техникалық ахуалын тексеруде. Дистанция мамандарының байланыс құрылғыларын тексеру, ағымдық күтім жасау жұмысын дистанцияның аға электромеханигі Досан Нұржаубаев сызба бойынша қарап, тағы да жіті бақылаудан өткізуде. 

– Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының телімдеріндегі және станциялық жолдарға орналастырылған байланыс құрылғыларының жай-күйін тексеріп, ревизия жасаудамыз. Мұнда жолдардың кішігірім сызбасы бедерленген десек болады, яғни бағдаршамдар, бағыттамалық бұрма, рельс тізбектері секілді құрылғылардың қалай, қай жерде орналасу жиынтық сызбасы түзілген. Байланыс құрылғыларының осы жиынтық сызба тізбегі бойынша орналасуын, жұмыс қабілетін, олардың жағдайын, желілердің оқшаулану дәрежесін мегометр құрылғысымен өлшеп тексеруден өткізудеміз, өзім сызба бойынша орналасуына мән беріп, бақылап отырмын. Әзірге желілердің оқшаулану сапасы жақсы, тосын жағдай немесе желінің босауы, ойнауы, үзілуі секілді олқылықтар кездескен жоқ, барлық желі технологиялық нормаға сай болып тұр. Жалпы жұмыс барысында салалық мекеме теміржолшылары тарапынан кемшілік байқалғаны жайлы ескертулер болған жағдайда тосын тексеру жүргізіледі. Ол кезде сызба бойынша желінің өн бойы бақыланып, толық тексеруден өткізіледі. Ақау не кемшілік табылса, сызбада көрсетілгендей етіліп желі жаңартылып, сызбаға өзгеріс енгізілгені жайлы жазу тіркеледі, – деді аға электромеханик Досан Нұржаубаев.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады