Тиімділігі теңдессіз бағдарлама
Аймақтар
11.11.2016, 12:03
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Диірментөбе мен Бесарық станциялары арасындағы 525 шақырымдық аумақтағы темір жол бойындағы 31 бекетке«ҚТЖ – Жүк тасымалы»АҚ филиалы– «Теміржолсу – Қызылорда» мекемесі қызмет көрсетеді. Бізді соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен таныстырған «Теміржолсу – Қызылорда» серіктестігінің директоры Марат Шайжан «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын «Тиімділігі теңдессіз бағдарлама» деп бағалады.
Айтса айтқандай, шарапатты бағдарламаның арқасында серіктестік балансындағы аумақта 88,9 шақырым су құбыр жүйесі жүргізіліп, 37 ауыз су ұңғысы қазылып, 8 жылу қазандығы арқылы 1,35 шақырым жылу жүйесі тартылған екен, сондай-ақ, 12 су айдатын мұнара тұрғызылыпты. Орынбор – Ташкент темір жолы салынғанда пайдалануға берілген, көненің көзіне айналған 28 су қысымды мұнараларының бәрі дерлік қазіргі таңда күрделі және ағымдық жөндеулерден өту нәтижесінде теміржол құрылымдары мен жергілікті тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз етуде екен. Соңғы жылдары сумен және жылумен жабдықтау саласында көрсетілетін қызмет сапасы қондырғыларды, техникаларды жаңарту мен жаңғырту нәтижесінде жоғарылай түскен. 2006 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін 36,1 шақырым су құбыр жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жаңарса, 6 ауыз су ұңғысы бұрғыланып, 3 сумен жабдықтау нысанындасуды залалсыздандырып, тұщытатын «Таза су» қондырғысы орнатылған.
2012 жылыҰлттық компанияның «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын қабылдап, бекітуі, шын мәнінде теңдесі жоқ шарапатты шара болды. Осы бағдарлама шеңберінде «Теміржолсу – Қызылорда» мекемесінің сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, қайта құрастыру және нысандардың негізгі құрал-жабдықтарын жаңарту, су ұңғымасын қазу, қысымды су мұнараларын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 2012-2016 жылдар аралығында 322911 000 теңге қарастырылып, бұл қаражат толығымен игерілген болатын. Соның арқасында аймақтағы сумен, жылумен қамтамасыз ету сапасыәлдеқайда жақсарып, тұтынушылар қуанышында шек болмады, – дейді кәсіпорын басшысы.
Бағдарлама басталғалы атқарылған әр жылғы жұмыстарды саралар болсақ, 2012 жылы Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты 10 кіші бекеттер - яғни №27, 26, 20, 14, 16, 15-бекет, Екпінді, Бақтысай, Майлытоғай және Қараиірім бекеттің 4,1 шақырым су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа су ұңғымасын бұрғылау, ауыз суды тұщыту қондырғылары орнатылып, мекеменің авто-тракторлық паркін жаңарту шаралары жүзеге асыпты.Ал 2013 жылы бағдарлама әрі қарай жалғасын тауып,96 148000 теңгекөлеміндегі қаражат нәтижелі игерілген. Бөлінген қаржының басым бөлігі мекеме телімдеріндегі 7,420 шақырым ұзындықтағы диаметрі 50-150мм болатын су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары мен автопаркті жаңартуға жұмсалып, Дерментөбе, Қорқыт станциялары мен №26 бекетте үш «Таза су»стационарлық су құрылғысы орнатылған. Осы арада, атап өтерлігі «Таза су» құрылғысы су ұңғымасындағы бастапқы судың сапасын қазіргі заманға сай құрамалы көп сатылы әдістермен механикалық және ион алмасу сүзілуін, кері омосты тазарту арқылы қолданылатын суды химиялық реакциялар әсерінсіз алуға мүмкіндік береді.Ал 2014 жылы 159477000 теңгеқаражатқа Абыла – Жосалы аралығындағы 200 мм диаметрлі қысымды су құбырларына, Жаңақорған станциясында d50-150 мм, 1,053 шақырымдық су құбырына күрделі жөндеу, Қызылорда станциясында жаңа су ұңғысын бұрғылау, мекеме шеберханасы мен көлік қоймаларының шатырын жөндеп, станциядағы су айдау станциясына ауыз суды залалсыздандыру қондырғысын орнату шаралары атқарылыпты.
Қызылорда су айдау станциясында ауыз суды хлорлау және залалсыздандыру гипохлорит натрийға көшірілді. Серіктестіктің автокөлік паркі жаңартылды, бүгінде үш Уаз-фермер автокөлігі, үш ЭО-2621 эксковаторы, бір ЕК-12 эксковаторы, екі ассенизаторлық көлік, ЗИЛ жүк көлігі, КамАЗ кран-манипуляторы, компрессор, дәнекерлеу агрегаты, полиэтиленді құбыр дәнекерлеу аппараты техникалары жұмыс істеуде. Жалпы жұмысқа қажетті 18 бірлік авто-тракторлы техникаларға тұрақты күтім жасалып, жұмысқа жарамды жағдайда тұр. Барлық жылу қазандықтарда энерго үнемді циркуляциялық сорғылар орнатылып, 14квт/сағ электр энергиясының орнына әрқайсысы 3,2 квт/сағ электр қуатын тұтынатын жағдайға көшірілді. Қолданылатын техникалардың дамытылуына қарай мамандар құрамының білім-тәжірибелері жетілдіріліп, техникалық база жаңарды, – деп атқарылған жұмыстарды саралап өтті М.Шайжан.
Оның айтуынша, Шиелі станциясында 1 жылу қазандығы қатты отын түрінен, яғни көмірден табиғи газға көшірілген. Бұл өз кезегінде отынға жұмсалатын шығынды азайтып қана қоймай, атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін шектей отырып, өңіріміздің экологиялық ахуалына жақсы әсер етуде. Серіктестіктің барлық нысандарында өрт-күзет дабылқаққышы орнатылған. Қосымша ірі нысандар бейне бақылау жүйесімен жабдықталған.Осы жұмыстардың 90 пайызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында жасалған.
Марат Шайжан 2016 жылы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасымен Тартоғай станциясында 1,16 шақырым су құбыр жүйесі күрделі жөндеуден өткенін мәлімдеді. басшылығымен және Сыр өңіріндегі серіктестік ұжымының қолтаңбасы жатыр. Алдағы жоспарда қалған жылу қазандықтарын табиғи газға көшіру, автокөліктерге газ қондырғысын орнату, сорғы құралдарын энерго үнемді қондырғылармен ауыстыру және тағы басқа жұмыстар бар екен.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды