Рельстер алмастырылуда

Аймақтар
08.10.2020, 18:23
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының Шиелі теліміндегі жолшылар қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, пойыздардың кедергісіз өткізілуіне үлес қосуда. 

Бүгін Шиелі станциясының солтүстік алқымындағы 5-жолда 4-өндірістік телімнің жол бригадирі Бауыржан Тергенбаевтің басшылығымен жол жөндеушілер Ербол Балтабеков, Кенжеғұл Тоғызбаев, Әлмұрат Сүлейменов және Ерлан Уызбаев рельс ауыстыру жұмыстарымен айналысып жатыр. Өздеріне тапсырылған жұмысты бөлінген уақыт ішінде орындауға бекінген жолшылардың қимылы ширақ. Бірі рельс болтын босатып жатса, екіншісі болты босаған рельс астына домкрат орнатып, қалғандары порталды кран көтергішпен босатылған рельстің орнына жаңасын, яғни ұзын рельсті салып жатыр. Жол бригадирі Бауыржан рельстердің ауа температурасының құбылуына, күннің суытып, ысуына байланысты ұзарып-қысқаратындығын, оны уақытылы ауыстырмаса, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болуы мүмкін екенін тәптіштей түсіндірді. Сондықтан күзгі салқын басталғандықтан маусымдық рельстердің ұзын түріне алмастырылып жатқанын жеткізді. 

– Ауа температурасының салқындауы жол шаруашылығында өзіндік ерекшелігімен байқалады, бойы тоңазыған маусымдық рельс белгілі бір өлшемге жиырылып қысқаратындықтан жол күтімінің технологиялық талабына сай оны дер кезінде ұзын түрімен алмастыруымыз керек. Қазіргі таңда түнгі ауа температурасының төмендеуі жол қозғалысына кері әсерін тигізбеу үшін маусымдық қысқа рельстер алмастырылуда. Бүгін станцияның солтүстік алқымындағы 5-жолда рельс алмастыру жұмыстарын жасаудамыз. Жұмысқа қажетті құралжабдықтар толық жеткілікті, әріптестерім өз істерін жеткілікті дәрежеде меңгерген тәжірибелі жолшылар болғандықтан жұмыс жасауға кедергі болатын жағдай жоқ. Бізге бөлінген уақытта тапсырманы орындап шығуға тиіспіз, – деді жол бригадирі Бауыржан Тергенбаев.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады